21 ақпан 2017 22:46

ҚР СІМ Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты Қырғызстан елшісіне нота тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

kyrtag.kg kyrtag.kg

ҚР СІМ Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты Қырғызстан елшісіне нота тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР СІМ Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты Қырғызстан елшісіне нота тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қырғыз Республикасының Уақытша сенімді өкілі Қайнарбек Токтомушев шақыртылды. Өткен кездесуде Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қырғыз дипломатына "Қырғызстан Президентінің Euronews телеарна эфирінде 2017 жылдың 17 ақпанындағы мәлімдемесімен келіспеушілік және таңғалу" білдірілген нота тапсырылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 17 ақпанда Евроньюс арнасына берген сұхбатына қатысты Динара Кемелова 2010 жылы болған жағдайды түсіндірді. "Сәуірдегі оқиғаларға байланысты Қазақстанмен шекараны жабу адамдар үшін қиындықтар тудырған. Соның ішінде адам өліміне әкелген оқиғалар да болған. Атап айтқанда шекарадан заңды түрде өте алмаған бір топ жігіт Шу өзенінен жүзіп өтпек болған. Ата-аналары медициналық жәрдем алу үшін шекарадан өткізе алмаған балалардың көз жұмып жатқаны туралы хабарламалар да келген", - дейді ол.

Ал кейін Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзін түсіндіріп берген еді. Елдің сыртқы істер вице-министрі Динара Кемелова мен Бішкектегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Айымдос Бозжігітовтың кездесуінде қырғызстандық тарап Қазақстанның "көршілерді оқшаулап тастады" деген сөзге қатысты дау туғызбауды ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети