26 қазан 2017 | 16:05

ҚР СІМ Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдындағы ереуіл жайлы: Қырғызстандықтар дұрыс ақпараттанбаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бішкекте Қазақстан елшілігінің маңында 26 қазан түске дейін ереуіл өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте Қазақстан елшілігінің маңында 26 қазан түске дейін ереуіл өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30-да Бішкектегі Қазақстан елшілігі маңына 20-25 адам жиналған. 

"Шеруге қатысушылар елшілік қызметкерлеріне Қазақстан биілігіне жолданған петицияны тапсырды. Онда қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы айтылған. Біздіңше, мұндағы қоғам екі елдің шекарасындағы жағдай туралы дұрыс ақпараттанбаған", - дейді СІМ өкілдері. 

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтерінің басшылары 18 қазанда Астанада өткен кездесуде жүгі бар жеке тұлғалар, тұрақты қатынайтын жолаушылар автобустары, жеңіл көліктер, бос өтетін жүк көліктері үшін шекарадан өтуіне басымдық беру туралы келіскені аталып өтті. Тараптар келісімді орындап жатыр. 

"Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 25 қазанда Еревандағы Еуразиялық үкімет аралық кеңес отырысында Қазақстанның барлық шекарасы бойынша неліктен күшейту жүргізілгенін толық түсіндірді. Жиналған барлық мәселені шешу үшін екіжақты конструктив жұмысқа үміттенеміз", - дейді ведомство өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети