Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҚР СІМ Минск келіссөздері бойынша мәлімдеме жасады

12 Ақпан 2015, 22:04
0
ҚР СІМ ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов
ҚР СІМ ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Минскіде өткен "норманд төрттігі" елдері көшбасшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан үстіміздегі жылы 11 және 12 ақпан күндері Минск қаласында орын алған Ресей, Украина, Франция президенттері мен Германия канцлерінің "норманд форматындағы" келіссөздерінің нәтижелерін және Байланыс тобының Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру туралы шаралар кешеніне қол қоюын құптайды. Біз барлық тараптардың бейбіт үдерісті қамтамасыз ету үшін жұмсаған күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Белорус тарапының табысты келіссөздер үшін қолайлы жағдайды жақсы ұйымдастыруын атап өтеміз", - делінген сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі тараптарды Украинаның оңтүстік-шығысында оқ жаудыруды тез арада тоқтатуға, елдегі дағдарысты тұрақты әрі жан-жақты реттеуге бағытталған уағдаластықтарды толығымен орындауға шақырды.

"Қол жеткізілген өзара сенім деңгейі Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропа одағы арасында сенімді диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына алғышарттар мен қолайлы жағдай туғызуға септігін тигізеді деп сенеміз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 12 ақпан күні Минскіде Украинаның шығысындағы ахуалды реттеу жөнінде бір күн бұрын басталған келіссөздер аяқталды. Оған Петр Порошенко, Владимир Путин, Франсуа Олланд, Ангела Меркель және ДХР басшысы Александр Захарченко мен ЛХР басшысы Игорь Плотницкий қатысты. 

Кездесу барлығы 16 сағаттан артық уақытқа созылды. Келіссөздер қорытынды декларациямен аяқталды, онда 15 ақпаннан бастап атысты тоқтату, артиллерия жүйесін кем дегенде 50 шақырымнан алысқа алып кету, ені 70 шақырым болатын буфер аймағын құру, кепілге алынғандарды "бәрін бәрі үшін" схемасы бойынша алмасып, босату қарастырылды. 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай