04 тамыз 2019 17:08

ҚР СІМ өкілі Техастағы атысқа байланысты пікір білдірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

АҚШ-тың Техас штаты Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында болған атыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Осындай ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі таратты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


АҚШ-тың Техас штаты Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында болған атыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Осындай ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі таратты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Америкалық тараптың алдын ала берген ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ", - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетсек, АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында атыс болып, алдын ала ақпарат бойынша 20 адам қайтыс болған. Тағы 24 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Десе де, кейбір БАҚ көздері атыстан 40 адамның зардап шеккенін хабарлайды. Атысқа байланысты 21 жастағы жас жігіт ұсталған. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадордың хабарламасына сай, қайтыс болғандардың ішінде үшеуі мексикалық болған.

Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, оқиғаны "трагедия ғана емес, қорқақтықтың көрінісі" деп атаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети