13 наурыз 2017 13:47

ҚР СІМ Ресей депутаты мен Қырғызстан президентінің мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей депутаты мен Қырғызстан президентінің "ағаттықтан айтылған мәлімдемесінен" кейін Қазақстанның қандай шараларды қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей депутаты мен Қырғызстан президентінің "ағаттықтан айтылған мәлімдемесінен" кейін Қазақстанның қандай шараларды қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің Мәжіліс сағатында Қазақстанның өз мүддесін қорғау мәселесі туралы айтылды. Мәжіліс барысында депутат Омархан Өксікбаев болашақта мұндай мәлімдемелердің алдын алу үшін Қазақстанның белгілі бір ұстанымды ұстану керектігін мәлімдеді.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов депутаттарға Қазақстанның қазіргі уақытта кез келген мәселенің шешімін таба алатынын айтып отыр.

"Депутат Өксікбаев айтып өткен сөздер тегін емес. Ресей депутаттарының бірінің ағаттықтан айтылған мәлімдемесі, сондай-ақ, Қырғызстан басшысының "Евроньюс" телеарнасына берген сұхбатында айтылған мәлімдемесі  біздің дипломатиялық арналар арқылы жүргізген екіжақты хаттарда, дипломаттарымыздың елордаларда жүргізген ресми кездесулерінде өз шешімін тапты. Ресей өкілінің әріптестері, Мемлекеттік думадағылар мен Кеңес федерациясындағылар оның мәлімдемесіне лайықты баға берді. Қырғызстанға қатысты айтатын болсақ, біз қырғыз әріптестерімізбен ортақ тіл табыса білдік, Қазақстан СІМ-де және Қырғызстанның СІМ-де кездесулер өткіздік. Қырғызстан Президентінің Әкімшілігінде кездесу өткіздік", - деді Қайрат Әбдірахманов.

Министрдің айтуынша, Қазақстан "ағайынды қырғыз халқына" еуразиялық экономикалық одақтың шарттарына бейімделуіне көмектесуге ниетті.

"Бішкектегі үкіметаралық отырысымыз енді ғана аяқталды. Онда жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы - трансшекаралық өзен, су ресурстары туралы талқыланды. Мен Сыртқы істер министрі ретінде қырғызстандық әріптестеріммен қарым-қатынасым барлық жағынан жақсы деп айта аламын. Сондай-ақ, мен мұның барлығы біздің халқымыздың мүддесін ескереді деп ойлаймын. Не дегенмен барлығымыз бір экономикалық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз", - деді СІМ басшысы.

Еске сала кетейік, осыған дейін БАҚ-тарда Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Павел Шперовтың шекара мәселесін қайта қарауға қатысты мәлімдемесі жарияланған болатын. Ол өз сөзінде Қазақстан туралы наразылығын білдірді. Ал кейінірек Ресей өкілдері қазақстандық дипломаттарға бұл сөздің алып тасталғанын айтқан еді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың ақпан айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "Қазақстан 2010 жылы адам өліміне себепкер болған" деп мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети