27 шілде 2017 14:46

ҚР СІМ Түркиядағы қазақстандық туристермен болған жағдайға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Түркиядағы қазақстандық туристермен болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Түркиядағы қазақстандық туристермен болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін түнде Түркияның Анталья қаласында қайтадан қазақстандық туристерге қатысты төтенше жағдай болды. Бұл мәселеге Қазақстан консулы араласып, туристерімізге көмек көрсетті (...)", - деп жазды Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында.

CІМ өкілінің мәліметінше, 26 шілдеде шамамен сағат күндізгі 12-де түрлі елдердің шамамен 100 жолаушысы, олардың ішінде 30 қазақстандық турист Антальядан Ыстамбұлға ұшуы тиіс болған. Қазақстандықтар ары қарай Алматыға ұшпақшы болған.

"Белгісіз себептерге байланысты Onur Air әуе компаниясының рейсі бастапқыда екі сағатқа кешіктіріліп, кейінірек рейс толықтай алынып тасталған. Жолаушыларға ештеңе түсіндірілместен жүктерін қайтарып, Ыстамбұл рейсі алынып тасталатынын айтқан", - деді Әнуар Жайнақов.

Сондай-ақ, ведомство өкілінің айтуынша, 20 қазақстандық өздері Ыстамбұлға ұшып кеткен. Ал 10 турист (олардың ішінде кішкентай балалар бар) жеткілікті қаражаты болмағандықтан Антальядағы Қазақстан консулына хабарласты.

Қазіргі уақытта  Қазақстан консулыо отандастарымызға көмек көрсету мақсатында оларды үйіне қайтару мәселесін қарастырып жатыр. Консулдың айтуынша, қазақстандық туристердің көбісі елге орала салып, Түркияның әуе компаниясын сотқа бермекші.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық туристердің Анталиядан елге ұшып келе алмай отырғаны хабарланған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети