ҚР СІМ Үндістанда Қазақстан азаматшасының зорлануы жөнінде түсінік берді

16 Наурыз 2015, 16:20
0
ҚР СІМ Үндістанда Қазақстан азаматшасының зорлануы жөнінде түсінік берді - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістандағы Қазақстан азаматшасына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасының азаматшасын зорлады деген күдікпен үш ер адам ұсталған. Қазіргі уақытта үндістандық полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Министрлік аталған мәселені ерекше бақылауында ұстап отыр. ҚР Үндістандағы елшілігінің консулдық бөлім қызметкерлері біздің азаматшамыздың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғау мақсатында жәбірленуші мен Нью-Дели құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқан", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Делидің үш тұрғынының Қазақстан азаматшасын топ болып зорлағаны үшін ұсталғаны хабарланған еді. 27 жастағы қыз Үндістанға іскерлік сапармен келген. Ол бұл елде бұған дейін де бірнеше рет болған. Оқиға 12 наурыз күні болды. Жәбірленушінің айтуынша, ол Делиге сол күні кешкісін келіп, Карол Багх қаласының орталық ауданындағы отельге орналасады. Сағат 22.00-де ол кешкі ас кезінде екі жігітпен танысады. Жігіттер қызға сол аудандағы басқа отельге барып, іскерлік мәселелерін талқылау үшін үшінші серіктеспен кездесуді ұсынады. Қыз келіседі. Екі ер адаммен басқа отельдің бөлмесіне келгеннен кейін қыздың айқайлаған дауысы естіледі. Отель қызметкері жүгіріп келген кезде жәбірленуші ер адамдарды өзін зорлауға әрекеттенді деп айыптады. Бұл іс бойынша үшінші күдікті ретінде таксист жауапкершілікке тартылды, Қазақстан азаматшасы оған да кінә артып отыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай