Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

ҚР Сыртқы істер министрлігі Boeing апаты жөнінде мәлімдеме жасады

18 Шілде 2014, 01:00
0

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинаның шығысында апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing-777 жолаушылар ұшағы құрбандарының отбасына және жақындарына қайғырып көңіл айтты. Мұндай мазмұндағы мәлімдеме ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Болған оқиғаға байланысты терең қамкөңілдік білдіреміз. Оқиға мұқият тексеріліп, оның бар жай-жапсары анықталуы тиіс деп есептейміз. Біз ұшақ бортында Қазақстан азаматтарының болған-болмағанын анықтаумен айналысып жатырмыз, қол жеткен ақпаратты дереу ұсынбақпыз. Тұтастай алғанда, Украинаның шығысындағы қақтығысушы тараптарды оқ атуды дереу тоқтатуға және қарама-қайшылықты бейбіт жолмен шешуге тағы бір шақырамыз", - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Malaysia Airlines компаниясының ұшағы Украинаның Донецк облысында 17 шілденің екінші жартысында апатқа ұшыраған еді. Оның бортында болған 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі түгел қаза тапты. 

Boeing-777 Амстердамнан ұшып шығып, Куала-Лумпурды бетке алған. Малайзиялық әуе компаниясының баспасөз хабарламасына сүйенген РИА Новости-дің хабарлауынша, украиналық диспетчерлер Мәскеу уақыты 18.45-те Ресеймен арадағы шекарадан 50 шақырым жерде ұшақпен байланысты жоғалтқан. 

Қазақстандық "Эйр Астана" компаниясы осы оқиғаға байланысты Киевке рейстерді тоқтатты. Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы малайзиялық ұшақ апатынан кейін өз ұшақтарының Украинаның әуе кеңістігін түгел айналып өтетінін хабарлады. "Трансаэро", Turkish Airlines, Lufthansa әуе компаниялары да жолаушылар ұшақтарын Украинаның аумағынан өткізбеуді ұйғарған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай