27 тамыз 2015 13:23

ҚР Төмен байытылған уран банкін террористерден қорғау үшін барлық шараны жүргізіп жатыр - Ыдырысов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Төмен байытылған уран банкін террористерден қорғау үшін барлық шараны жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сыртқы істер министрі Ердан Ыдырысовқа сілтеме жасап.


ҚР Төмен байытылған уран банкін террористерден қорғау үшін барлық шараны жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сыртқы істер министрі Ердан Ыдырысовқа сілтеме жасап.

Бүгін Астанда Қазақстан Үкіметі мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасында Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа қол қойылғаннан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында Қазақстан СІМ ШҚО-дағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасатын Төмен байытылған уран банкін террористерден қорғау үшін қолданылатын қауіпсіздік шаралары жөнінде айтып берді.

"Айта кету керек, төмен байытылған уран террористер үшін ең маңызды нәрсе емес. Дегенмен біз МАГАТЭ-мен бірге материалдарды алуға террористердің мүмкіндігі болмауы үшін қолдан келгенін жасаймыз. Маған сеніңіздер, Үлбідегі кәсіпорынның қауіпсіздігі жақсы қамтамасыз етілген", - деді Ерлан Ыдырысов.

"Өкінішке орай әлемде терроризм қаупі төніп тұрмаған ел жоқ. Бірақ Қазақстан үкіметі, біздің құқық қорғау органдарымыз бен арнайы ұйымдар қауіпсіздікті пен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр. Елімізде антитеррорлық жұмыстардың тұтастай жүйесі құрылған, мамандар кәсіби түрде күн сайын, сағат сайын айналысып жатыр", - деді Ерлан Ыдырысов.

Сонымен қатар, Қазақстан сыртқы істер министрі Төмен байытылған уран банкінің қауіпсіздігіне де назар аударды.

"Төмен байытылған уран банкі қауіпсіз. Ол сақтау кезінде радиоактивті қалдықтар шығармайды. Қалдық МАГАТЭ ережесіне сай жойылып отырады. Елімізге басқа жақтан жанармайдың қалдығын әкелуге болмайтынын жақсы білеміз. Біз тасымалдаудан бастап МАГАТЭ-гің барлық стандарттарын пайдаланатын боламыз", - деді сыртқы істер министрі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети