07 маусым 2016 13:05

ҚР ҰҚК қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "сары" террористік қауіптілік деңгейін енгізу туралы хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті "сары" террористік қауіптілік деңгейін енгізу туралы хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында 2016 жылғы 5-6 маусымда құқық қорғау және арнаулы органдары ІІМ Ұлттық гвардияның әскери бөлімі мен қару-жарақ дүкендеріне қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлерді анықтау, іздеу және ұстау бойынша бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қалада антитеррорлық операциялар режимі әрекет ету үстінде. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, сондай-ақ, болуы ықтимал күштеу акцияларына алдын ала әрекет жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының басшысы ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611  Жарлығына сәйкес 6 маусымда  террористік қауіптіліктің "сары" (бірқалыпты) деңгейін жариялады. Аталған деңгей еліміздің барлық аумағы бойынша 40 тәулікке енгізілді.

"Сары" деңгей күштік құрылымдардың және мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық, әкімшілік және жедел іс-шаралар кешенін өткізуді болжайды, оның ішінде:

 - болуы ықтимал террористік және экстремистік күштеу акциялары туралы ақпараттарды жинау, бағалау және тексеру;

- террорға қатысты басқа да осал объектілерді және тұрғындар жаппай жиналатын орындарды тексеру;

-  арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, көліктерде қарап-тексеру іс-шараларын күшейту;

- көшелерде, алаңдарда, стадиондарда және тұрғындар жаппай жиналатын басқа да орындарда, магистральдық темір жол жүйелерінде және өзге де көлік инфрақұрылымының объектілерінде күшейтілген патрульдерді қою;

- болуы ықтимал террористік қауіп-қатерлер мен бұл жағдайда қажетті әрекет туралы тұрғындарды алдын ала ақпараттандыру.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтарға сабырлылық сақтап,  мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әрекетіне түсіністікпен қарап, сондай-ақ оларға қажетті көмек көрсетуді өтініп сұрайды. Қауіпсіздіктің бірінші кезектегі шаралары ретінде  сақтық танытып, иесіз жатқан, әсіресе сымдар мен техникалық құрылғылары бар нәрселерге (сөмкелер, қораптар, бумалар, қаптар, шабадандар мен т.б.), назар аударуды талап етеді, бұндай жағдайда оғаш көрінген заттарға таянбай, құқық тәртібі органдарына тез арада хабарлау қажет", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҰҚК өкілдерінң айтуынша, қоғамдық орындар мен көліктерде күдікті адамдарға назар аударып, олардан белгісіз заттар мен сәлемдемелерді сақтауға, беруге және тасымалдауға алмау керек. ҚР Антитеррор орталығы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке адамды, қоғамды және мемлекетті террористік және экстремистік қауіп-қатерлерден қорғау бойынша қажетті шараларды қолданып жатыр. ҰҚК баспасөз қызметі ұлттық қауіпсіздік органдары ахуалдың өзгеруі мен жүргізген іс-шаралар нәтижесі туралы хабарлап отырады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети