04 шілде 2019 16:51

ҚР Үкіметінде Дунга және Абай кен орындары бойынша құжаттарға қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин барлау және кен өндіру жөніндегі президенті Арно Брёйяктің жетекшілігімен Total өкілдерімен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин барлау және кен өндіру жөніндегі президенті Арно Брёйяктің жетекшілігімен Total өкілдерімен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Total компаниясының басшылығымен кездесуде мұнайгаз секторы саласындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық қамтуды арттыруға, Қазақстан аумағында жаңа өндірістер ұйымдастыру мен технологиялар беру үшін бірлескен компанияларды дамытуға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша бірлескен жобалар қаралды. 

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асырудың әлеуметтік әсері аса маңызды екенін атап өтті. Бұл бірінші кезекте жаңа білікті жұмыс орындарын ашу, ол жергілікті халықтың нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Кездесу қорытындысы бойынша Дунга және Абай жобалары бойынша құжаттарға қол қойылды. 

Дунга кен орны бойынша құжаттарға ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Каспий және  Оңтүстік Еуропа бойынша "Тоталь Барлау және Кен өндіру" вице-президенті Бернар Клеман, "Оман Ойл Барлау және Кен өндіру" бірлескен кәсіпорындары бойынша директор Абдул Вахаб әл Булуши, "Партекс Ойл және Газ" басқарма мүшесі Фернандо Алвеш қол қойды. 

Келісімге сәйкес, Дунга кен орнының өнімін бөлу туралы келісімшарттың жарамдылық мерзімі 2024 жылдан 2039 жылға дейін 15 жылға ұзартылады, бұл қосымша 9 миллион тоннаға жуық мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Тараптар сонымен қатар Дунга кен орнын игерудің 3 фазасын іске асыру туралы келісімге келді, оның аясында компаниялар 300 миллион долларға жуық қаражат инвестиция салады, бұл мұнай өндіруді жылына ағымдағы 600 мың тоннадан 850 мың тоннаға дейін ең жоғарғы деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. 

Құжаттың маңызды шарты - Ілгерлеген шкала бойынша келісім аясында кірісі мол өнім саласында ҚР-ның үлесін ағымдағы 40 пайыздан 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 60 пайызға дейін арттыру. Келісімде компаниялардың Қазақстанның ішкі нарығына өндірілген мұнайдың бір бөлігін жеткізу және жыл сайын кемінде 1 миллион доллар көлемінде әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша міндеттемелері бектіліген. 

Өз кезегінде, Каспий теңізінің қазақстандық секторында Абай теңіз учаскесінде бірлескен қызмет аясында көмірсутектерді барлау және өндіруде жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қ. Есқазиев және ENI Орталық Азия аймағы бойынша атқарушы вице-президенті Лука Виньяти қол қойды.

Жобаларды іске асыру Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутекті барлау және өндіруге инвестицияларды арттыруды қамтамасыз етеді. Құжатқа сәйкес, Абай учаскесінде көмірсутекті барлауға және өндіруге келісім жасалған, онда қарастырылған: тереңдігі 2500 метр бірінші іздеу-барлау скважинасын бұрғылау, 700 бойлық шақырым көлемінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және жалпы сомасы 14 миллиард теңге болатын өзге де жұмыстар. 

Жалпы, келісімді іске асыру Қазақстан үшін жобаның экономикалық тиімділігін арттыруға әкеледі, сондай-ақ мұнайсервистік компаниялар үшін қосымша жұмыс көлемі мен қызметтерін құруға, өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети