21 қараша 2014 15:02

ҚР Ұлттық банкі "Ана" атты естелік шақаны шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ана" бақыры - "Жүректен жүрекке" сериясының бірінші бақыры. ©nationalbank.kz "Ана" бақыры - "Жүректен жүрекке" сериясының бірінші бақыры. ©nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық банкінің "Ана" деп аталатын шақасы айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Ұлттық банкінің "Ана" деп аталатын шақасы айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Номиналы 500 теңге болатын, алтын жалатылған күміс бақыр - "Жүректен жүрекке" сериясының бірінші шығарылымы. Оның бетіндегі ортаңғы бөлігінде ою-өрнекпен өрнектелген жүрек бейнеленген, "500 ТЕҢГЕ" номиналы, сонымен қатар, бақырдың жасалған металын, сынама белгісін, салмағы мен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін "Ag 925 31,1 g." жазуы бар. Естелік шақаның айналасына күңгірттелген жиектеме жасалған, онда "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" мәтіндері жазылған.

Шақаның артқы бетіндегі орта бөлігіне ана мен баланың күн алдында тұрған бейнесі салыныпты, мемлекеттік тілде "АНА", орыс тілінде "МАМА" деген жазу жазылып, шақаның шыққан жылы көрсетілген. Айналасына мемлекеттік тілде "ЖҮРЕТЕН ЖҮРЕККЕ", ал орыс тілінде "ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ" деп жазылған, ағылшын тілінде "FROM HEART TO HEART" деп жазылған.

"Ана" естелік шақасы - жалпыадамгершілік құндылықтарды көрсетуді және оны адамнан адамға ой салуды көздейтін "Жүректен жүрекке" сериясының бірінші шығарылымы. Ұлттық банк өкілдері бұл серияның шақаларын жақын және сүйікті адамдарға арналған жақсы сый болады деп есептейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети