Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының алғашқы сабағы, бұл жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Кредиттерден бастаймыз.
АЛДЫМЕН КредитТІК БЮРО ДЕГЕН НЕ ЕКЕНІН ТҮСІНІП АЛАЙЫҚ
Банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлар сіздің қарыздарыңыз туралы барлық ақпаратты жіберетін орын бар деп елестетіңіз. Онда барлығы: қарызға қатысты жақсы ақпарат та, мәселе де жазылып, жинақталып, сақталады.
Бұл орын — кредиттік бюро.
Қазақстанда екі бюро бар:
1. Мемлекеттік кредиттік бюро;
2. Бірінші кредиттік бюро.
1. Мемлекеттік кредиттік бюро;
2. Бірінші кредиттік бюро.
Кредиттік бюро мынадай мәліметтерді жинайды:
- қарызыңыз
- төлем мерзімін кешіктіру
- қайта құрылымдау
- қарызды коллекторға беру туралы
Сонымен бірге, мынадай ақпаратты береді:
- Дербес кредиттік есеп (ДКЕ) — барлық операциялар туралы егжей-тегжейлі мәлімет;
- Дербес кредиттік рейтинг (ДКР) — сіздің «сенімділігіңізді бағалау»;
- Мониторинг, алаяқтықтың жолын кесу мен нарық сараптамасымен айналысады.
Кредиттік тарих не үшін қажет?
Елестетіп көріңізші, сіз көлік немесе ипотекаға кредит алғыңыз келеді. Банк алдымен сіздің өтінішіңізге емес, тарихыңызға қарайды.
✅ Кредит тарихы жақсы болса
- Қарыз беру мүмкіндігі жоғары
❌ Ал егер кредиттік тарих нашар болса:
- Қарыз берілмейді
⏱ Кредитіңізді бұрын жауып қойған болсаңыз да, ақпарат 5 жылға дейін сақталады.
Қорытынды: қаржылық тәртіпті ұзақ уақыт бойы сақтау өте маңызды.
Қорытынды: қаржылық тәртіпті ұзақ уақыт бойы сақтау өте маңызды.
неге кредиттік тарихты тексеріп отыру маңызды?
Есепте барлығы анық беріледі, алғаш рет кредит алған немесе жәй ғана өтініш берген сәттен бастап:
- Мақұлдау
- Кредиттің берілмеуі
- Жаңа кредиттер
- Жабылған кредиттер
- Кешіктірілген күндер
Мәлімет үнемі жаңартылып отырады. Бұл банктерге сіздің қазіргі қаржылық жағдайыңызды бағалауға және алаяқтық кредиттің алдын алуға көмектеседі.
КредитТІК тарихЫҢЫЗДА қате болса, не істеу керек?
Қарызды жауып тастасаңыз да, кредиттік тарихыңызда қателер кездесуі мүмкін. Иә, бұл мүмкін. Бірақ алаңдаудың қажеті жоқ!
МІНЕ, ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛЕР:
❌ Жабылған кредит әлі төленбеген деп көрсетіледі
❌ Сіз рәсімдемеген кредит болуы мүмкін
❌ Төлем жасалды, бірақ, қаржы есептелмеген (2+ апта)
❌ Сіз рәсімдемеген кредит болуы мүмкін
❌ Төлем жасалды, бірақ, қаржы есептелмеген (2+ апта)
Оны қалай түзетуге болады?
Егер осындай қате тапсаңыз, не істеу керегін рет-ретімен қарастырайық.
1-қадам: Жоққа шығару туралы өтініш беру КЕРЕК. Оны былай беруге болады:
- Кредиттік бюро арқылы (онлайн)
- Fingramota.kz сайты арқылы
Өтініш бере салысымен, Бюро мәлімет көзіне сұраныс жолдайды. Сұранысты өңдеу мерзімі: 15 жұмыс күніне дейінгі кезеңді құрайды.
2-қадам: Мәліметті жариялаған дерекөзбен байланысу. Сонымен қатар, мына ҰЙЫМДАРҒА ДА ХАБАРЛАСУ керек:
- Банк;
- МҚҰ;
- Коллекторлық агенттік.
Дәлел ретінде көрсету қажет:
- Төлемдер;
- Кредиттің жабылғаны туралы анықтама;
- Хаттар;
- Қосымшадан жасалған скриндер.
3-қадам: нәтижесін тексеру
2-3 аптадан кейін кредит туралы жаңартылған есеп сұратыңыз және қателік жөнделді ме, тексеріңіз.
Егер әлі де түзетілмеген болса, түзетуді талап етіңіз! Қайтадан өтініш беріп, жаңа дәлелдер ұсыныңыз.
ДЕРБЕС КРЕДИТТІК РЕЙТИНГ (ДКР) дегеніміз не?
ДКР — бұл кредиттік тәртібіңіздің сандық индикаторы. Жалпақ тілмен айтқанда «сіздің бағаңыз». Ол сізге кредит бере ме, жоқ па, соған әсер етеді.
Автоматты балл түрінде есептеледі. Кредиттік тарих жайлы мәлімет негізінде түзіледі. ДКР құны=100₸.
📊 Баллдардың әсер ету үлгісі
⚠️ Дегенмен, ДКР 900 ≠ 100%
Неге? Өйткені әр банк пен микроқаржы ұйымында қарыз алушыны бағалаудың өз жүйесі бар. Олар әр түрлі көрсеткішті негізге алып, түрлі алгоритмді пайдаланады.
Алайда жоғары ДКР бәрібір артықшылық болып есептеледі:
- Кредит алу мүмкіндігін жоғарылатады
РЕЙТИНГіңізге не әсер етеді?
Қысқаша айтсақ: қарыз алушы ретіндегі әрекеттеріңіз. Әр қадам — оң немесе теріс.
1. Ең бастысы - ол төлем тәртібі. Мәселен, төлемді кешіктірсеңіз, ол:
- Кез келген кешіктіру = баллды төмендетеді
- Кешіктіре берген сайын → рейтинг те төмендей береді
- Ал жиі кешіктірген сайын → одан әрі құлдырайды
🚨 Ең жаманы: 90 күннен аса кешіктіру = кредит берушілер үшін «қызыл» белгі
2. Сонымен қатар, банктер сіз туралы қосымша мәліметтерді де қарайды. Олардың есепке алатыны:
- Төлеу мүмкіндігі (ресми кіріс, табыс)
- Отбасылық жағдай
- Жұмыс өтілі
- Білім деңгейі
- Жұмыс істейтін саласы
- Басқа факторлар
Борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК)
дегеніміз не?
Рейтингіңіз тамаша болса, кредитті сөзсіз беру керек сияқты, бірақ, банк сізге бермеді: «Сізде БЖК тым жоғары!». БЖК – бұл жалақының кредит, бөліп төлеу және кредиттік карталарды өтеуге кететін бөлігі.
БЖК-Ның басты ережесі:
Сіздің барлық кредитіңіз бойынша төлем кірістің 50%-ынан аспау керек.
Мәселен, автокредит алатын болдыңыз.
Айлық кірісіңіз = 500,000₸
Бірақ сіздің айына 40,000₸ бөліп төлеуіңіз бар. Ипотека: айына 200,000₸.
Бірақ сіздің айына 40,000₸ бөліп төлеуіңіз бар. Ипотека: айына 200,000₸.
Екеуін қосқанда: 40,000₸ + 200,000₸ = 240,000₸ (48%)
Ал енді айына 130,000 ₸ төлейтіндей автокредит алғыңыз келсе, сізге бермейді. Неге? Өйткені бәрін қосса, борыш жүктемесі: 240,000 ₸ + 130,000 ₸ = 370,000 ₸ (74%) болады.
Нәтижесінде: ❌ Кредит бермейді. Себебі ай сайынғы төлем айлықтың 50%-ынан асып кетіп тұр.
Рейтингті қалай жақсартамыз?
Жақсы рейтинг – бұл «мінсіз қарыз алушылар» туралы емес. Бұл тұрақтылық, тәртіп және аз ғана уақыт. Төменде кредиттік тарихты жақсартудың қарапайым және нақты стратегиясы берілген.
1-қадам: Кешіккен төлемдерді жабу
✅ Мойныңыздағы мөлшері аз қарыздың бәрін жабыңыз, соның ішінде бөліп төлеу де бар;
✅ Тұрақты түрде төлем жасаңыз;
✅ Күнтізбеге төлем күнін белгілеп қойыңыз.
✅ Тұрақты түрде төлем жасаңыз;
✅ Күнтізбеге төлем күнін белгілеп қойыңыз.
Кешіктірілген төлемдер тоқтатылған кезде, рейтинг төмендеуді тоқтатады және баяу қалпына келе бастайды.
2-қадам: қарыз ауыртпалығын 50%-ға дейін (не одан төмен) түсіру
1. Кредиттік картадағы лимитті төмендетіңіз
2. Міндетті емес заттарды бөліп төлеуге алудан бас тартыңыз
3. Ескісін жабуға жаңа кредит алмаңыз
4. Шағын кредиттерді жабыңыз, басыңыздағы кредит санын азайтыңыз
Коммуналдық қызметті де тұрақсыз төлеу кредиттік тарихыңызға әсер ететінін есте сақтаңыз!
Кешіктірілген төлем жабылған соң не істейсіз?
1-кезең: Тұрақтандыру (0-3 ай)
- Барлық кешіктірген төлеміңізді жабыңыз
- Барлық кредитті уақытында төлей бастаңыз
- Жаңа кредит алмаңыз
2-кезең: Оңтайландыру (3-6 ай)
- БЖК-ны 50%-ға дейін төмендетіңіз
- Шағын кредиттерді жабыңыз
- Уақтылы төлем жасап отырыңыз
3-кезең: Қалпына келТІРУ (12 ай)
- Төлем тәртібін бұзбаңыз
- Рейтинг біртіндеп өседі
- Жаңа тәртіп ескі қателерді түзетеді
4: ӨСУ (12+ ай)
- Кредит тарихы жақсарады
- Рейтинг нысаналы деңгейге жақындайды
- Тиімді ұсыныстар пайда болады
Кредиттік тарих жайлы аңыздар
❌ 1-аңыз: «Тарихты өшіріп тастауға болады»
Шындық: Кредиттік тарих 5 жыл сақталады, оны өшіру мүмкін емес
❌ 2-аңыз: «кредит алмасаңыз, тарихыңыз МІНСІЗ болады»
Шындық: Тарихтың болмауы = ол да қиындық (бағалай алмайды)
❌ 3-аңыз: «Барлық кредитті ЖАПСАҢЫЗ, рейтинг бірден көтеріледі»
Шындық: Рейтинг біртіндеп қалпына келеді, оған уақыт қажет
❌ 4-аңыз: «төлемді аздап кешіктіру әсер етпейді»
Шындық: Әрбір кешігу әсер етеді, аз ғана уақыт кешіктірілсе де
❌ 5-аңыз: «Жақсы КРЕДИТТІК тарихты сатып алуға болады»
Шындық: Кредиттік тарих тәртіпке байланысты, оны сатып алуға болмайды
Кредиттік тарихыңыз = қаржылық беделіңіз
Кредиттік тарихыңыз = қаржылық беделіңіз
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
Қазақстандағы кредиттік бюролардың қызметі қандай?
Кредиттік тарихыңыз туралы ақпаратты қайдан және қаншалықты жиі тегін алуға болады?
Дербес кредиттік рейтингке (ДКР) ненің әсері үлкен?
Кредиттік тарихыңыздан қате тапсаңыз (артық кредит/есептелмеген төлем) қалай әрекет ету қажет?
Айлық кіріс 500 мың теңге, ай сайынғы төлеміңіз 240 000 теңге. Төлемі айына 130 мың теңге болатын тағы бір кредит алғыңыз келе ме? Қазіргі борыш жүктемесі коэффициентімен (БЖК) тағы қарыз ала аласыз ба?
🔴 Төмен нәтиже
Сабақты қайталап өткен жөн сияқты ма? Ештеңе етпейді! Қаржылық сауат біртіндеп келеді. Көбірек зейін қойып, машықтану қажет.
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Негізгі қағидаларды түсініп отырсыз, бірақ, әлі де үйренер бар. Біліміңзді тағы жетілдіріп көріңіз.
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Негізгі қағидаларды түсініп отырсыз, бірақ, әлі де үйренер бар. Біліміңзді тағы жетілдіріп көріңіз.
🟢 Жоғары нәтиже
Тамаша! Тестті қаржы сауаты бойынша жеке ұстасыңыз бар сияқты тапсырдыңыз. Енді несие тарихыңызды қалай жақсарту керегін және қаржылық сауатты арттыру жолын білесіз.
©TengriNews 2025
Жоба ҚНРДА
қолдауымен жасалды
қолдауымен жасалды