16 шілде 2019 16:10

Кісі өлтірді деген боксшыға бұлтартпау шарасы таңдалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда кісі өлтірді деген боксшыға бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп хабарлайды "Алау"


Қостанайда кісі өлтірді деген боксшыға бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп хабарлайды "Алау"

Облыстық сот мәліметінше, 13 шілдеде Қостанай аудандық соты Аслан Мұқановты екі ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасын тағайындаған. 

Мұқановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан") бойынша айып тағылған. 

Айта кетейік, 11 шілдеде Алтын дала ауылында 32 жастағы ер адам кісі қолынан қаза тапқан. Бокстан әлем чемпионы 31 жастағы Аслан Мұқанов Серік Пішенбаевты өлтірді деген күдікке ілінді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети