13 қараша 2014 15:43

Кісі өлтіргені үшін сотталған 3 мыңнан астам адам мерзімінен бұрын босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

2010 жылдан бері Қазақстанда кісі өлтіргені үшін сотталған үш мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылған, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Байнұр Байгелді айтты. Еске сала кетейік, саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін сотталған Ержан Өтембаев та жуырда мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған еді. 

Байгелдінің ақпаратына қарағанда, 2010-2013 жылдары және 2014 жылдың тоғыз айында "Кісі өлтіру" бабы бойынша 4703 адам сотталған. "2010 жылы 941 адам, 2011 жылы 1703, 2012 жылы 1081, 2013 жылы 995 және 2014 жылдың 9 айында 613 адам сотталды. Осы уақыт аралығында 25-тен 30 жылға дейінгі мерзімге төрт адам бас бостандығынан айырылды. 35 адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Соңғы төрт жылда соттарға кісі өлтіргені үшін сотталғандардан шартты түрде мерзімінен босатылуға барлығы 10 мыңнан астам материал келіп түсті. Сот 3408 өтінішті, оның ішінде, 2010 жылы 1075, 2011 жылы 473, 2013 жылы 577 және 2014 жылдың 9 айында 507 өтінішті қанағаттандырды", - делінген Tengrinews.kz-тің Қазақстандағы шартты түрде мерзімінен босатылғандар туралы сауалына қайтарылған жауапта. 

Еске сала кетейік, 7 қараша күні Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы жылдың ақпан айында 59 жастағы Ержан Өтембаевтың жазасын 20 жылдан 13 жылға қысқартқаннан кейін ол мерзімінен бұрын босатылуға өтініш беруге мүмкіндік алған болатын. Ол қазақстандық белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін Астанадағы түзеу мекемесінде жаза өтеді. Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісі 2006 жылдың ақпанында өлтірілді. Бұл қылмыс үшін Өтембаевпен бірге тапсырысты орындаған киллер де түрмеге отырды. Кейін қылмыстың жаңа деректері белгілі болды - киллер қылмысқа Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың тапсырыс бергенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети