"Кселл" операторына 3,2 миллион теңге айыппұл салынды

12 Маусым 2015, 11:59
0
"Кселл" операторына 3,2 миллион теңге айыппұл салынды - ©REUTERS
©REUTERS

Қазақстан "Кселл" ұялы байланыс операторына 3,2 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE қазақстандық қор биржасының мәліметіне сілтеме жасап. 

"АО "Кселл" өзінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, оның акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде", - деп хабарлады биржа. Ұялы байланыс операторының мәліметінше, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен компанияға әкімшілік өндіріс "Антимонополиялық органның жарлығын орындамау. Мәліметтерді тапсыру бойынша міндеттерді орындамау және территория мен кеңістікке кіруге кедергі келтіру" бабы бойынша салынды. Үкім 2015 жылдың 11 маусымында заңды күшіне енді.

Осыған дейін "Кселл" АҚ басшылығы мен топ-менеджментіне қаржылай құқықбұзушылық бойынша айыптау түсті делінген ақпаратты жоққа шығарған болатын. Оған дейін бірқатар басылым "Кселл" компаниясының жоғары лауазымды шенеуніктерінің тексерістен өтіп жатқаны жайлы хабар таратты. Мәліметтерге сәйкес, бұл тексерістер компанияның қыруар табысымен байланысты делінді. Бұған дейін "Кселл" антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін ірі сомада айыппұл төлеген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай