05 қараша 2015 11:10

ҚТЖ көлік және логистика саласындағы әріптестерімен серіктестікті нығайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚТЖ баспасөз қызметі © ҚТЖ баспасөз қызметі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ делегациясы компания президенті Асқар Маминнің басшылығымен Балтық және Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесінің Ташкентте өткен 63-ші отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"ҚТЖ" ҰК" АҚ делегациясы компания президенті Асқар Маминнің басшылығымен Балтық және Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесінің Ташкентте өткен 63-ші отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс аясында Асқар Мамин теміржол әкімшіліктерінің басшыларымен екі жақты бірқатар кездесу өткізді. "РТЖ" ААҚ президенті Олег Белозеровпен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей теміржол әкімшіліктерінің басшылары өзара тиімді серіктестікті әрі қарай дамыту мәселелерін қарады. Екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемін ұлғайту, ортақ көлік дәлізінде транзитті арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, екі жақ Біріккен көлік-логистика компаниясының қызметін әрі қарай жетілдіруге байланысты мәселе төңірегінде пікір алмасты. Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция және сауда министрі Эльер Ганиев пен "Өзбекистон темир йуллари" АҚ басқарма төрағасы Ачилбай Раматовпен кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар көлемін ұлғайту, Қазақстан мен Өзбекстан аумағындағы теміржол көлігі арқылы тасымалданатын жүктерге оңтайлы тариф шарттарын жасау мәселелеріне тоқталды.

Асқар Мамин Қазақстан - Түркменстан - Иран үшжақты кездесуіне қатысты. Түркменстан теміржол көлігі министрлігінің басшысы Байрам Аннамередов, Иран Ислам Республикасы теміржол президенті Мухсен Агаимен өткен кездесуде Өзен - Болашақ - Қорған жаңа темір жол желісі мен солтүстік-оңтүстік дәлізі арқылы өтетін жүк ағынын ұлғайтып, бірыңғай тариф шарттарын жасау мәселесін талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети