Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҚТЖ төрт күндік жұмыс аптасына өту туралы шешімді қажетсіз деп тапты

28 Тамыз 2015, 16:20
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚТЖ төрт күндік жұмыс аптасына өту туралы шешімді қажетсіз деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ"ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банкінің жаңа ақша-несиелік саясатының енгізілуіне орай, теңгенің еркін айналымға шығарылуына байланысты компания толық емес жұмыс күніне көшуді қажетсіз деп шешім қабылдады. Бұл шешім отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігінің өсетініне және алдағы уақытта экспорт көлемінің, транзиттік тасымалдың болжалды өсуіне байланысты қабылданып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметі "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қазақстандағы ірі жұмыс беруші ретінде еңбеккерлердің жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік міндеттемелерін орындауына басымдық беретінін хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда теміржол саласының жұмысшылары толық емес жұмыс аптасына ауысатыны хабарланған еді. ҚР Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаев мұндай шараға жұмыс орындарын қысқартпау мақсатында өту жоспарланғанын түсіндірді. 

"Осыған байланысты біздің салада бүгінде қиын жағдай туды, жүк айналымы азайды, тасымалданатын жүк азайды, әрине, өз шығынымызды қайта қарау қажет болды, оның ішінде жұмысшыларымыздың қажеттілігін де қарадық. Жұмыс орындарының қысқаруын болдырмау үшін кәсіподақ пен компания басшылығы бірнеше рет біріккен жиналыс өткізді және кеше ғана келісімге келдік. Енді 1 қыркүйектен бастап толық емес жұмыс аптасын енгізуді шештік, мақсатымыз жұмыс орындарын қысқартпау. Бұл режимді осы жылдың соңына дейін жалғасады деп болжап отырмыз", - деді Ахметбеков.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай