12 желтоқсан 2016 12:12

"КТК" телеарнасының экс-директоры "Хабарға" ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Сахариянов. © voxpopuli.kz Қанат Сахариянов. © voxpopuli.kz

"КТК" телеарнасының экс-директоры Қанат Сахариянов "Хабар" телеарнасының басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның сайтына сілтеме жасап.


"КТК" телеарнасының экс-директоры Қанат Сахариянов "Хабар" телеарнасының басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның сайтына сілтеме жасап.

"Хабар" Агенттігі Қанат Ақылбайұлы Сахарияновтың 2016 жылдың 12 желтоқсанынан бастап басқарма төрайымының орынбасары және Тілеужан Темірәліұлы Тілешовтың 2016 жылдың 9 желтоқсанынан бастап басқарушы директор қызметіне тағайындалғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Қанат Сахариянов басқарма төрайымының орынбасары Айгүл Жұмабаеваның орнына келді.

Айта кетейік, Сахариянов Қанат Ақылбайұлы  1975 жылдың 13 қазан күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің дәрігер-стоматолог мамандығын аяқтайды, 2001 жылы Қазақ ұлттық заң академиясының құқықтану факультетін бітіріп, 2008 жылы Жоғары Француз коммерция мектебінде МВА дәрежесін алады. 2001-2006 жылдары "Хабар" Агенттігінде заңгер, 2006 жылдан 2012 жылға дейін "Хабар" Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды. 2012 - 2014 жылдар аралығында "Қазмедиа Орталығы" басқарушы компаниясының Бас  директоры қызметін атқарды. Осы уақытқа дейін Коммерциялық Телевизиялық арнаның (КТК) Бас директоры қызметін атқарды. Қазақ, орыс, ағылшын және жапон тілдерін жетік меңгерген. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен марапатталған.

Тілешов Тілеужан Темірәліұлы 1981 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша, сондай-ақ 2008 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін заң факультетін тәмамдаған. 2016 жылдан "Қазтелерадио" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Сонымен бірге "Prime Financial Solutions" АҚ, "ОНПФ "Отан" АҚ, "Актобе ТЭЦ» АҚ, "Самрук-Энерго" АҚ компанияларының Директорлар кеңесінің мүшелігінде болды. "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасы ҰҚҚ шекара қызметі Авиациялық базасына 80 жыл" медальдарымен және Халықаралық Экология Палатасының Құрметті профессоры дипломымен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети