Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Куәгер Қарағанды облысында өзін-өзі жарып жіберген лаңкес туралы толығырақ айтып берді

30 Маусым 2016, 11:25
0

Куәгер Қарағанды облысында лаңкестің өзін-өзі жарып жібергені жайлы оқиғаны Tengrinews.kz тілшісіне толығырақ айтып берді.

Айта кетейік, 26 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысының Гүлшат елді мекенде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік актілер ұйымдастыруды жоспарлаған радикал топтың жолы кесілген еді. Гүлшат ауылында ұстау кезінде лаңкестердің бірі жарылыс жасап, алған жарақатынан қаза тапты. Топтың басқа мүшелері ұсталды. 

Оқиғаның куәгері өзін-өзі жарған адамның Жақсылық Махмұтов екенін айтты. "Ол 1989 жылғы. Ол осы ауылда туып-өсіп, ауыл мектебінде оқыған. Әкесіз өсті, шешесімен бірге. Кейін ауылдан кетіп қалып, Балқашта тұрды. Ауылға шешесіне келіп жүрді, анасы денсаулығына байланысты жұмыс істемейтін. Жақсылықтың үйленіп, бес жасар баласы бар деп естігенмін", - деді ол.

Оның айтуынша, жарылыс болған үйде Жақсылық Махмұтовтың анасының тұрып жатқан, үйдің екінші бөлігі қараусыз қалған. "Бұл оқиға кешке қарай, 21.00-де болды. Ауылдағы адамдардың барлығы үйлерінде, тамақ ішіп отырған, оның үстіне қазір ораза. Шу шыққанда ешкім ештеңе түсінбей қалды. Таяу тұрған үйлерден адамдар эвакуацияланды. (...) Жақсылық сақалды еді. Бірақ біз бұл туралы ойламадық та, ешқашан естімегенбіз, сөйтсек мұнда осындай шу шықты", - деді куәгер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай