18 шілде 2016 16:45

Куәгерлер Алматыда атыс шығарды делінген тағы бір қылмыскердің ұсталғаны туралы хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com "Интересная Алма-Ата" © vk.com "Интересная Алма-Ата"

Әлеуметтік желілерде Алматыда атыс шығарды делінген тағы бір қылмыскердің суреттері пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшілеріне куәгерлер хабарлады. Полицейлердің сақалды ер адамды ұстаған суреті Вконтакте желісіндегі "Интересная Алма-ата" тобында жарияланған. 


Әлеуметтік желілерде Алматыда атыс шығарды делінген тағы бір қылмыскердің суреттері пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшілеріне куәгерлер хабарлады. Полицейлердің сақалды ер адамды ұстаған суреті Вконтакте желісіндегі "Интересная Алма-ата" тобында жарияланған. 


VK.com/Интересная Алма-Ата

Суреттен қылмыскердің бетімен жерге қарап жатқаны көрінеді. Ал жанында полиция қызметкерлері тұр. Жақын жерде велосипед жатыр. Сонымен қатар, қылмыскерден арабтың төте жазуымен жазылған парақ табылды.

Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети