23 шілде 2015 08:46

Куәгерлер Алматыдағы сел жайында айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматыдағы селдің куәгерлері оқиғаны баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Алматыдағы селдің куәгерлері оқиғаны баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Каменка тұрғынының айтуынша, ол түнде судың даусынан оянып кеткен. "2.30-да ояндым, шу болып жатты, танысымды шақырдым, жүгіріп барсам жол бойында екі жақтан су қатты ағып жатты, бетон қақпа болған, су соған соғылып жатыпты, біздің үй қирады, көршілеріміздің үйін су басты", - деді ол.

Тағы бір жергілікті тұрғын қазіргі уақытта су басқан мектепте жұмыс істегенін айтып берді. "Түнгі үштер шамасында аулаға жүгіріп шықтым, адамдардың айғайын естідім, көше бойымен түсе бастадым, сол кезде судың ағып жатқанын байқадым. Адамдар жүгіріп, айғайлап жүр, - дейді ол. - Мұндай жағдай Каменкада ешқашан болмаған, міне, мектепті су алды, күзетшінің су тасқыны кезінде ішінде болғанын білемін, ол терезеден шығып үлгеріпті. Зардап шеккендерді көрмедім, бүлінген көптеген көлікті көрдім". 

Жергілікті мектеп.

Тағы бір тұрғынның сөзіне қарағанда, ол судың бірнеше көлікті қалайша шайып кеткенін көрген. "2.49-да су даусынан ояндық, үйден жүгіріп шықтық, бәрі шығып қойыпты. Көшеде екі метр болатын толқын жүріп, үш көлікті шайып әкетті. Су биіктігі екі метр болатын қақпадан бері ағып жатты. Осыдан кейін бәрі басталды... ТЖД келді, "Қаскелең жаққа қарай эвакуациялаймыз" деді. Сол жаққа өз көлігімізбен кетіп қалдық та, қазір қайтып келіп отырмыз. Көршілеріміз тірі, барлығын аралап шықтым. Бауырымның үйі бүлініпті", - деді ол.

"Бұл жағдай түнгі 2.40-та болды. Судың даусы шығып кетті. Машиналар ұшып, мектептер бүлінді. Менің гаражым ғана бүлінді. Кішкентай балалар мен әйелдер жылап жатты. Оларды туыстары әкетіп қалды", - деді куәгер Александр Греков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети