Қуаныш Бишімов "Қазақстан инжиниринг" компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Фото:primeminister.kz © Фото:primeminister.kz

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қуаныш Бишімов басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қуаныш Бишімов басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Нұрмұхамбет Әбдібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Қуаныш Бишімов 1972 жылғы 2 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехника институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, 2001 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ТББ механик-бақылаушысы, №3 Қарағанды автобус паркінің өндірістік диспетчері болып бастады. Түрлі жылдары кедендік органдарда, Экономика және сауда министрлігінің, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2003 жылдан 2005 жыл аралығында "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ қорғаныс өндірістері, жобаларды басқару және техникалық даму департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан 2017 жыл аралығында "Тыныс" АҚ, "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ бас директоры және "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ вице-президенті болып жұмыс істеді.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап "Атамекен" ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer