20 шілде 2018 16:27

"Құдай қаласа, 10-15 жылдан кейін балаларды жаттықтырамын" - Денис Теннің арманы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вайнер Нағима Ахметова Денис Тенмен соңғы кездесуі жайлы Instagram желісіндегі парақшасында әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Вайнер Нағима Ахметова Денис Тенмен соңғы кездесуі жайлы Instagram желісіндегі парақшасында әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір кеудемдегі ауырлықтан дем ала алмай отырғанда Дениспен соңғы әңгімем жайлы айтуға міндеттімін", - деп жазды вайнер.

Нағиманың айтуынша, ол Денистен Қазақстан спортының болашағы туралы сұраған.

"Қалай айтсам болады, болашағы бар, бірақ әлі емес. Бізде жақсы жаттықтырушы жоқ, бар болса да олар ескі стандартпен жаттықтырады. Менің бала кезімде жасаған нәрселерімді үйретеді. Маған барлығы менталитеттің кесірі сияқты көрінеді. Алға жылжып, жаңа нәрсені үйренгісі келетіндер аз. Мені ешкім Мәскеу, Америкаға барып жаттық деп айтқан жоқ қой, бұл өз шешімім", - деп жауап берген спортшы.

Тен жаттықтырушы болғысы келіпті.

"Бұрындары үкімет спорт комитетінен "неге жүлделі орын жоқ, медаль қайда?" деп сұрағанда, олардың жақсы сылтауы болып еді - "спорт алаңдары жоқ" деген. Ал қазір не? Мемлекет қыруар қаражат бөліп, балалар мен спортпен айналысқысы келетін кез келген адамға арналып, тегін жаттығу алаңдары салынды, бірақ олар жоқ. Алаң да, секциялар да пайда болды, бірақ енді жаттығу үшін бір баладан сағатына 2000 теңге алады. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Әркімнің бұған жағдайы келе бермейді. Мүмкін, құдай қаласа, мен 10-15 жылдан кейін біздің балаларды жаттықтыратын боламын. Менің бір білетінім, барлығы біздің менталитеттен. Әлемді, елімізді өзгерткіміз келсе, әркім өзінен бастауы керек", - депті Тен вайнермен сұхбатында.

Еске салайық, Денис Тен 19 шілдеде қайтыс болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор мен ішкі істер министріне Денис Теннің өліміне қатысты тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

 

Сейчас, еле дыша из-за дикой боли в грудной клетке, я понимаю что просто обязана рассказать Вам, о нашем вчерашнем и как оказалось последнем диалоге с Денисом. ________________________ - Скажи честно, у Казахстанского спорта есть будущее? - Ну как сказать, думаю есть но не скоро. У нас практически нет хороших тренеров, а если и есть, то они тренируют по очень старым стандартам, обучают тому, что я делал ещё будучи ребёнком. Мне кажется все дело в нашем менталитете. Мало кто хочет идти вперёд и обучаться чему-то новому. Вот смотри, меня ведь ни кто не заставлял уезжать когда-то тренироваться в Москву или Америку, нет, это был мой выбор. Раньше, если правительство спрашивало у нашего спортивного комитета, почему нет призовых мест? где медали? - у них была хорошая отмазка «нет, спортивных площадок». А что теперь? Государство выделило огромные деньги и у нас появились отличные площадки для того чтобы дети и все желающие тренировались бесплатно, но нет. Площадки появились, появились и секции, но теперь с детей берут по 2000 тенге в час за тренировку. Я считаю что это не правильно, ведь не у всех есть такая возможность. Возможно, дай бог я буду тренировать наших ребятишек лет через 10-15, но одно я знаю точно: все дело в нашем менталитете и если мы хотим изменить этот мир, нашу страну, нужно начинать с себя. _______________________________ Прости, Денис, прости.

Публикация от Нагимуша (@nagimuwaa)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети