20 наурыз 2019 17:34

Құжаттарды жылдам ауыстырудың қажеті жоқ - Бекетаев Астана атауын өзгерту жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Турар Қазанғапов Фото ©Турар Қазанғапов

Астанада Парламент палаталарының жалпы отырысы өтіп, елорда атауын Нұрсұлтанға ауыстыру туралы заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Парламент палаталарының жалпы отырысы өтіп, елорда атауын Нұрсұлтанға ауыстыру туралы заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрі Марат Бекетаев енді Астана тұрғындарына өз құжаттарын жылдам ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Жеке куәлік құжаттары, мысалы, туу туралы куәлік, дипломдар, жүргізуші куәлігін жылдам ауыстырудың қажеті жоқ. Оларды қолданылу мерзімі біткен соң өзгертуге болады", - деді Бекетаев.

"Бұл өмір, өзгеріс ақылға қонымды мерзімде жасалады. Тарихта атауы өзгерген қалалар аз емес, бәрі бір түннің ішінде ауысып кеткен жоқ. Ақылға қонымды уақыт ішінде бәрі ауыстырылады", - деді әділет министрі.

Сондай-ақ, журналистер елорда атауын өзгерту кезінде кететін қаржылық шығындар туралы да сұрады.

"Бұл жағдайда мұндай есептеулердің қажеті жоқ деп ойлаймын. Неге? Себебі бұл шешімнің маңыздылығы қаржы жөніндегі ойлардан жоғары. Бәрі уақытымен ауыстырылады, ешкім дәл қазір және бір түнде маңдайшаны өзгерту керек деп жатқан жоқ", - дейді Марат Бекетаев.

Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады

Мәжіліс кулуарында журналистер елорда атауын өзгертуге қанша қаражат кететінін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтен де сұрады.

"Есептемедік, бірақ қазір бар қаржымыздан аспайды деп ойлаймын", - деді Дәленов.

Астана атауы референдумсыз өзгеруі мүмкін

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети