29 қараша 2016 11:54

Кулагин астық шығыны жайлы әңгімелерді доғаруға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Кулагин © Нұржан Юмашев Сергей Кулагин © Нұржан Юмашев

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин астық өнімдерінің шығынға ұшырып жатқаны жайлы әңгімелерді тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин астық өнімдерінің шығынға ұшырып жатқаны жайлы әңгімелерді тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз астық шығынға ұшырап жатыр деп жиі айтамыз. Яғни, астықтың шектен тыс өндірілетінін айтып отырамыз. Бірақ бұл әңгімелерді доғару керек. Себебі, әлемнің үштен бір бөлігі аш отыр. Оларда нан өнімдерін шығаратын орындар жоқ. Астықты өндіруді қысқарту керек сияқты әңгімелер айтылған кезде мен керісінше, бұл саланы әрі қарай дамыта беруіміз керек деп ойлаймын", - деді қала әкімі үкімет отырысы барысында.

Кулагинның айтуынша, астық өндірісі - солтүстік Қазақстанда дамып жатқан жалғыз сала.

"Егер де біз астық өндіруді тоқтатсақ, жалпы нарықты да тоқтатамыз. (...) Көрші елдеріміздің, мысалы, Ресейдің енді ғана 150 миллион нанды өндіруді жоспарлап отырғаны таңғалдырады. Қытай да дәл солай. Меніңше, астық өндіруге шындап кірісу керек. Былтыр біздің облыс бойынша 9,5  миллиард қаражат жұмсалды. (...) Бұл тек менің ойым. Астық өндірісіне басқа қырынан қарау керек", - деді Кулагин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети