08 тамыз 2015 10:32

Күмән туғызған сөмке үшін Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аlmatyairport.com © Аlmatyairport.com

Күмән туғызған сөмке үшін Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Күмән туғызған сөмке үшін Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылдың 8 тамызында, сағат 08.00-де Алматы қаласының әуежайындағы "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторынан халықаралық ұшу залының жүк қабылдау зонасында иесі жоқ сөмкенің табылғаны, онда жарылғыш заттың болуы мүмкін екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды, аумақ қоршауға алынып, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері эвакуацияланды", - деп жазылған көліктегі ІІД баспасөз хабарламасында.

Көліктегі ІІД қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірге тексеру жүргізді.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде сағат 08.56-да Алматы әуежайындағы жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ. Жолаушылар мен қызметкерлер ғимаратқа қайта оралды. Алматы қаласының әуежайы штатты режимдегі жұмысқа көшті. Ішкі істер органы сөмке иесіне шара қолданады.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Астана әуежайында да жарылғыш зат туралы ақпаратқа байланысты адамдар эвакуацияланған болатын. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Төрт рейс кешіктіріліп, 1000 адам эвакуацияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети