07 ақпан 2014 17:31

Күмәнді жазуы бар билбордтың қолдан жасалуы ықтимал

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото әлеуметтік желілерден алынды Фото әлеуметтік желілерден алынды

Ғаламторда қызу талқыланған жазуы бар билборд "Нұр Отан" партиясының беделін түсіру үшін қасақана қолдан жасалуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына партия өкілдері осындай жауап қайтарды. Әлеуметтік желілерде пайда болған билборд суретінде "Біздер - нұротандықтар, еліміздің және қоғамымыздың тағдырына бейтарап қарай аламыз!" деген жазу бар. "Бұл жайт партия беделін түсіру үшін қолдан жасалуы мүмкін. "Нұр Отан" партиясы баннердің тұрған орны жөнінде ақпарат берген адамға алғысын білдіреді. Егер бұл факті расталса, жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылады", - дейді "Нұр Отан" өкілдері. Атышулы билбордтың суреті әлеуметтік желілерде өткен айда пайда болған еді. Сол кезде партия мүшелері бұл дерек бойынша тексеру жүргізілетінін хабарлаған болатын. Дегенмен көрнекі ақпарат құралының қай жерде тұрғаны әлі анықталмаған. "Нұр Отан" баннерлері мен барлық сыртқы жарнама өнімінің дизайны орталық аппараттың мақұлдауынан өтеді. Интернетте фотосуреті жарияланған баннер аппараттың келісу рәсімдерінде жоқ болып шықты. Қолда ғаламтордан алынған сурет қана болғандықтан сарапшылар оның авторы мен тұрған орнын анықтай алған жоқ. Талдауға қарағанда, егер мұндай баннер болған болса, онда фотосурет 2011 жылы түсірілген, өйткені суретте Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен "Нұр Отан" партиясының бұрынғы логотипі бар", - делінген партияның ресми жауабында. Сарапшылар фотосуреттің Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланғаннан үш жылдан соң жарияланып отырғанынан-ақ оның шын билборд болғанына күмән келтіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети