Құмар ойын құрбандарының аналары ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Құмар ойын құрбандарының аналары ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарнадағылардың мәліметінше, Әйелдердің республикалық кеңесі ойын клубтары клиенттерді қарызға батырудағы әккі әдісін меңгеріп алған дейді. Ханзада Балтаева Астанада талай отбасы казино кесірінен ойран болғанын айтады.
"Мен өзім бұл мәселе бойынша арнайы зерттеу жүргізіп, барлық ойын клубтарында болдым. Ол жердегі адамдар зомби секілді. Алкогольді сусындар, тіпті, белгісіз дәрілер де сатылады екен. Қоғамдық жұмыспен айналыстатындардың бұл мәселені шешуге күштері жетпейтіні анық. Мен камерамен кіретін болсам, мені бірден қуып шағады ғой. Сондықтан да, Ерлан Заманбекұлы бірігіп жұмыс жасауымыз керек", - деді "Әйклдердің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Ханзада Балтаева.
Бұл проблемамен күреске әзірге тек "Нұр Отан" партиясы ден қойып отыр. Қаңтар айында партия өкілдері букмекерлік орындарда ұтыс тігуге тиым салатын тізім құруды және құмар ойындарының жарнамасын азайту мен онлай-казиноларды бұғаттау туралы бастама көтерген еді. Телеарнаның мәліметінше, енді партияның Мәжілістегі фракциясы ойын бизнесіне байланысты заңды күшейтуге бел буып отыр.