Күн райына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды

08 Желтоқсан 2016, 20:47
0
Күн райына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды - © РИА Новости
© РИА Новости

Күн райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше облысында жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"8 желтоқсан 18:30-да күн райының бұзылуына байланысты (қатты жел, қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) барлық көлік түрлері үшін Астана - Петропавл (18-231 шақырым), Көкшетау - Атбасар (4-184 шақырым), Жақсы - Есіл - Бұзұлык (0-82 шақырым), Қостанай - Әуликөл - Сұрған (232-260 шақырым), Жезқазған - Петропавловск (377-595 шақырым), Екатеринбург - Алматы (856-916 шақырым) жолдары жабық", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қатты желге байланысты республикалық маңызы бар Астана-Петропавл тас жолы көліктердің барлық түрлері үшін жабық.

Еске салайық, Қазақстанда күн суытады деп күтілуде. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай