15 желтоқсан 2019 17:37

"Күн тәртібінде бұл мәселе жоқ". Сағынтаев Алматы атауын өзгерту туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook желісіндегі парақшасында Алматының атауын өзгерту туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook желісіндегі парақшасында Алматының атауын өзгерту туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған "Алматы 2050" Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 

Осыған дейін, Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы атауын өзгерту туралы не ойлайтынын айтты.

"Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атауын өзгерту керек деген ойды бұрыннан қолдап келеді. Алайда оны Президентпен кездесуде айтуы арқылы Мемлекет басшысы оны қолдайды деген сөз емес. Президент Алматы дамуына қатысты басқа да маңызды мәселелерге бар күш-жігерді жұмсауға шақырған. Ол мұны 29 қазанда қала активіне де айтқан еді", - деді Президент кеңесшісі Telegram-каналында. 

"Президенттің ойынша, маңызды мәселелер мәжілістен тысқары уақытта шешілмеуі керек, сондай-ақ азаматтардың пікірі ескерілу арқылы, қала тұрғындарының көптеген бөлігі қолдаған жағдайда ғана шешім қабылданады", - деді Карин. 

Айта кетейік, биыл тамыздың соңында Беларусьте Қазақстан елшісі болған Ермұхамет Ертісбаев Алматыны бұрынғыша Алма-Ата деп қайта өзгерту ұсынысын білдірген еді. Қазнетте осы мәселе кеңінен талқыланды. Танымал алматылықтар осыған байланысты өз пікірлерін білдірген еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети