11 наурыз 2014 12:13

Күнгейде жер дауы өршіп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі. ©Нұрғиса Елеубеков Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі. ©Нұрғиса Елеубеков

Шымкентте жер дауы өршіп тұр. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің алдына жиналған 100-ге жуық шымкенттіктердің биліктегілерге айтар даты бар. Анығында, "Солтүстік саяжай" деп аталатын шағынаудан тұрғындарының талабы - 2009 жылы жеке меншікке берілген жер учаскесіне мемлекеттік акті алу, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың айтуларынша, учаскелерді 2009 жылы өздері жұмыс істеген "Ақниет" өндірістік кооперативінің басшылығы үлестірген көрінеді. Алайда содан бері құжаттарын заңдастыра алмай әлі жүр. Шаһар тұрғыны Аманбай Ахаевтың айтуынша, қала құрлысына жауапты мекеме мемлекеттік акті бермегендіктен үш жыл бойы бала-шағасымен пәтерден-пәтерге сабылып жүргендіктен облыс әкімінен көмек сұрай келгендігін айтады. Наразылыққа барған жұртпен ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр кездесіп, халықтың шағымын тыңдап, көпшілікті сабырға шақырды. Әрі бұл мәселені алдағы аптада мұқият тексеріп, заң шеңбері аясында шешім шығаратындығын жеткізді. Осылайша, бір келісімге келген жұрт өзекті мәселенің шешімін 11-наурыз күні сағат 15:00-де Шымкент қаласы әкімдігінің алдына күтпекші. Билік тарапынан "Солтүстік саяжай" тұрғындарына қойылған талап учаскенің берілгенін растайтын қандай да бір құжатты өздерімен ала келулері керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети