Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Құралай Нұрқаділова мүлкінің тәркіленгені жайлы: Дағдарыс келмейінше кредитті уақтылы төлеп жүрдім

25 Тамыз 2016, 17:45
0
Құралай Нұрқаділова. © on.kz
Құралай Нұрқаділова. © on.kz

Танымал сәнгер Құралай Нұрқаділованың үйі "Казкоммерцбанктегі" қарызға байланысты аукционға қойылды - мұндай жаңалық бүгін, 25 тамызда бірқатар БАҚ-та жария болды. Мұнда мәселе оның Дубок ықшамауданындағы ауданы 283,8 шаршы метр, ал жер телімі 0,1366 гектар болатын үйі жайлы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құралай Нұрқаділова қарызы мен үйі жайлы мәселеге қатысты Tengrinews.kz тілшісіне пікірін білдірді. Оның айтуынша, ол шын мәнінде 2006 жылы үй сатып алу үшін Казкоммерцбанктен 640 мың доллар сомасында кредит алған. Сөйтіп, уақытында төлеп тұрыпты. "Дағдарыс келмейінше өз міндетімді атқарып тұрдым. Өз міндетімді орындаудан бас тартқан жоқпын. Оның үстіне, банк менің төлемдерімді бірнеше рет жоғалтқан, осыдан кейін кредитті төлемей кеттім де, сот істері басталды. Кредитті жабудың жалғыз жолы - үйді сату еді, өзім банкке хат жаздым, ұсыныс жасадым. Мұнда дау 106 миллион теңге үшін болып отыр, ал үй 109,5 миллион теңге тұрады, сауда 7 қыркүйекте өтеді", - деді Нұрқаділова. 


Құралай Нұрқаділованың үйі. © Google Maps

Бірыңғай электрондық сауда алаңының сайтындағы мәліметке сүйенсек, сауда 7 қыркүйекте өтеді. 

Ал үйдің бағасы 109,5 миллион теңге. Сөйтсек, "Казкоммерцбанк" қазақстандық белгілі сәнгер Құралай Нұрқаділоваға қатысты шағымы бойынша барлық сот отырысында жеңіске жетіпті. Жалпы шамамен 106 миллион теңге мен мемлекеттік алым өндіріліпті.

"Алайда, қарыз алушы соттың шешімін орындамады, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен атқару өндірісі аясында Нұрқаділованың мүлкі сипатталып, бағаланып, оны мемлекеттік сот орындаушысы саудаға шығарды", - деп хабарлады банктегілер.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, 2006 жылы Құралай Нұрқаділова "Казкоммерцбанкке" барып, қымбат үй сатып алуға кредит алу туралы өтініш берген. Ал "кейбір БАҚ-тарда бизнесін дамыту үшін алған" деген жалған мәлімет таралыпты. 

"Банк келісімшарт бойынша өз міндетін орындап, кредит берді. Кредиттің сомасы - 641,9 мың доллар, оны қарыз алушы 20 жыл бойы өтеуі тиіс болған. Өкінішке қарай, үш жылдан кейін ол қаржылай қиындықтарға тап болғанын айтып, өз міндетін орындаудан бас тартты. Ол кредитті өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш айтқанда банк кредитті төлеуге жеңілдік мерзімін берді. 2010 жылдан бастап банк пен қарыз алушы қосымша сегіз келісімшарт жасасты, себебі банк қарыз алушы тараптың қиын жағдайын есепке алып, төрт жыл бойы кредит мерзімін ұзартумен көмек қолын созды", - деп хабарлады Казкоммерцбанк өкілдері. 

Нұрқаділова банк алдында өз міндетін ұзақ уақыт бойы орындамағандықтан, банк кешіктірілген кредитті өндіру үшін сотқа жүгінген. Сот істері 2 жылға созылған. Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Нұрқаділова банктің талабымен келіспеген, ол банктің қарыздың негізгі сомасын өсіру бойынша әрекетін заңсыз деп тану үшін қарсы сотқа берген. Бірақ Нұрқаділованың шағымы қанағаттандырылмаған, осылайша банк келтірген дәлелдерімен сотта жеңіп шыққан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай