14 қыркүйек 2014 00:04

Құрбан айтта алғаш рет рухани кеш ұйымдастырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото muslim.kz сайтынан Фото muslim.kz сайтынан

Биыл Құрбан айт мерекесі жылдағыдан ерекше ұлттық нақышта өткізіліп, тұңғыш рет рухани кеш ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Muslim.kz сайтына сілтеме жасап.


Биыл Құрбан айт мерекесі жылдағыдан ерекше ұлттық нақышта өткізіліп, тұңғыш рет рухани кеш ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Muslim.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұлық, мерейлі, мейірім мерекесі – Құрбан айтты ұлттық нақышпен, жан-жақты дайындықпен өткізуді жоспарлап отыр.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен облыс, аудан орталықтары мен қалалардағы мешіт аулаларында киіз үйлер тігіліп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы дастарқан жайылады.

Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, қазақша күрес, гір тасын көтеру, асық ойыны, белтемірге тартыну т.б.) сайыстар өткізіледі. Сондай-ақ мешіт ауласында балаларға арналған арнайы ойын алаңдары жұмыс істемек. Республика бойынша жетім бүлдіршіндер мен мүгедектерге мерекелік бағдарламалар әзірленуде.

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айттың құрметіне Алматы қаласында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында тұңғыш рет рухани кеш өтеді. Кеште рухани сахналық қойылымдар көрсетіліп, діни әндер мен термелер орындалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети