Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постерді жасаушылар консерваторияға 34 миллион теңге төлейді

28 Қазан 2014, 09:52
0
Иллюстрация. ©Tengrinews.kz
Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Сот Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постерді жасаушыларды Құрманғазы атындағы консерваторияға 34 миллион теңге төлеуге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Сонымен бірге, принт авторлары республикалық БАҚ-та кешірім сұрауы тиіс. Сот шешімі орындалғанға дейін сот жарнама агенттігінің мүлкін тұтқындау туралы қаулы шығарды.

Еске сала кетейік, "Студия 69" клубын жарнамалайтын постер 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл жұмыс қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды, олар постер авторларын жауапкершілікке тартуды сұрап, полицияға шағымданды. Бұдан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Құрманғазы мен Пушкиннің сүйіскені бейнеленген постерді жасаушыларға айыппұл салған еді. Әкімшілік хаттаманы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы толтырды. Хамитжановаға 129 640 теңге, ал оның агенттігіне 185 200 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Агенттік сот шешіміне шағым келтіргісі келген, бірақ кейін апелляциялық сотта ұтылып қалды.

Бұдан кейін постер авторларының үстінен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұжымы да сотқа шағымданды. 34 адам жарнама агенттігінен 34 миллион теңге талап етті. Сот бұл соманы бірнеше мәрте нақтылауға тырысты және нәтижесінде шағымданушылардың өкілі соттың өзіне моральдық шығын сомасын нақтылауды ұсынды. Жарнама авторлары арызданушылармен ымыраласқысы келген, бірақ қарсы тарап бұған келіспеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай