Курсант полицей отырған көлік тротуарға шығып кеткен: Жүргізушіге айыппұл салынды

21 Желтоқсан 2017, 13:00
0
Курсант полицей отырған көлік тротуарға шығып кеткен: Жүргізушіге айыппұл салынды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Алматы полициясы тротуарда тоқтаған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы жағдайды кездейсоқ куәгер видеоға түсіріп алған. Куәгердің айтуынша, көліктің ішінде жолаушы орындығында форма киген ер адам отырған. Автокөлік бала арбасымен келе жатқан әйелдің жолын жапты. Кішігірім тілдесуден соң, шенді көлігін алып тастауға келіскен. 

Алматы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Әуезов көшесінің бойында 13 желтоқсанда болған.

"Көлік табылды. Ол Талдықорғаннан келген. Құқық бұзғаны үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылады. Көлік тізгінінде құқық қорғау органдарында істемейтін азамат болған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы бойынша жауапкершілікке тарту шарасы қолданылды", - деді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков. 

Сонымен қатар, тротуарға тұрақтаған тағы бір Honda маркалы көліктің жүргізушісіне де айыппұл салынған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай