13 маусым 2019 14:48

Құтқарушылар суға батқан оқушы қызды аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Ақтөбеде Елек өзеніне батып бара жатқан қыз баланы судан құтқарушылар аман алып шықты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Ақтөбеде Елек өзеніне батып бара жатқан қыз баланы судан құтқарушылар аман алып шықты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Өңірдегі төтенше жағдай департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға кеше, 12 маусымда түстен кейін болған.

"12 маусымда жергілікті уақыт 16:05-те Елек өзеніндегі "Шаттық" жағажайынан жасөспірім құтқарылды. Суға батып бара жатқан баланы кезекшілікте тұрған жедел құтқару жасағы байқаған. 2005 жылғы бала ата-анасына табысталды", - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өңірде жыл басынан бері суға бату оқиғасы тіркелмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети