25 тамыз 2016 17:51

Күйеуі өртеп жіберген алматылық әйелдің оқиғасы жазылған хат Назарбаевқа жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күйуеі өртеп жіберген алматылық әйелдің оқиғасы жазылған хат Назарбаевқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күйуеі өртеп жіберген алматылық әйелдің оқиғасы жазылған хат Назарбаевқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы мемлекеттік колледжінің мұғалімі Ақерке Байғазиева әйел адамдардың сексуалдық зорлыққа тап болуы мәселесін талқылау кезінде өз оқиғасын айтып берді. Өткен жылдың желтоқсан айында отбасылық жанжалдан кейін оны күйеуі өзінің үйінің ауласында өртеп жіберген.

"Көптеген зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер секілді, қарап отыра алмадым. Мен оқиғаның болғанын айтып, арыз жаздым. (...) Осы іс бойынша менің күйеуіме қатысты қылмыстық іс қозғалды, алайда іс екі рет қылмыстық айғақтар табылмағаны үшін тоқтатылды. Алайда құқық қорғау органдары жәбірленушінің барына қарамастан, дене жарақаттары мен осыны растайтын құжаттар бар болса да істі тоқтатты", - дейді Ақерке Байғазиева. 

Ол кезде әйелдің денесін 1, 2, және 3 санатты күйік шалған. Ұзақ уақыт бойы ол дәрігерлер мен психологтардың көмегіне жүгініпті. Ақерке Байғазиеваның айтуынша, оның күйеуі жазадан қашып екі үлкен баласын өзімен бірге алып кеткен. Кіші баласы әйелмен қалған.

"Бұл оқиғада ең қорқыныштысы - күйеуім мені әлі де жазалап келеді. Ол ювеналды сотқа барып, балаларды өзімен қалдыруды талап етті. Сот менің жұмысымның барына, пәтерімнің барына қарамастан, менің нашақор еместігімді немесе ішімдікке салынған әйел еместігімді және психикалық сау екеніме қарамастан балаларды соған беріп қойды. Мен соттың балаларды зорлықшы әкеге қалайша беріп қойғанын түсінбеймін! Мені қазір балаларымның тағдыры алаңдатады", - деді үш баланың анасы.

Әйелге құқыққорғаушылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қолдау білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың және Дариға Назарбаеваның атына мәселені назарға алуын өтініп хат жазған.

"Менің де жағдайым тура осылай болуы мүмкін еді. Сонда бір нақты шешім шығуы үшін менің қайтыс болуым керек пе?, - деді Ақерке Байғазиева, Астанада болған оқиғаны еске ала отырып.

Еске салайық, Астанада 2015 жылы № 25 орта мектептің мұғалімі Светлана Сәдуованы өзінің күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген. Әйел адам алған жарақатынан қаза тапқан. Оның төрт баласы болған. Сот Қанат Сәдуовты 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети