28 наурыз 2014 13:59

Қылмысты тіркеуді тәртіпке келтірудің ауқымды жұмыстары аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрмұханбет Исаев ©Тengrinews.kz Нұрмұханбет Исаев ©Тengrinews.kz

Бас Прокуратура жаңа қылмыстық істер жүргізу кодексі бойынша жұмыс істеуге дайындалып жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаевқа сілтеме жасап.


Бас Прокуратура жаңа қылмыстық істер жүргізу кодексі бойынша жұмыс істеуге дайындалып жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаевқа сілтеме жасап.

Қазақстанда қылмыстардың тіркеуді тәртіпке келтіру бойынша аса ауқымды жұмыстар аяқталып отыр.

"Біздің елде қылмыстық жағдайдың тым өршіп тұрмағандығын айта кеткен жөн. Мәселен аса ауыр қылмыс, кісі өлтіру, тонау, қарақшылық қылмыстың түгел тіркелуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар келешекте де жалғасын табады. Бұрын барлық органдардың қызметкерлері арыз бойынша үш күн ішінде шешім қабылдауды өздерінің тікелей міндеті емес, құқықтары деп санап келген. Бас Прокурордың нұсқауымен біз қылмыстық істер жүргізу кодексінің талаптарын бұлжытпастан орындалу туралы мәселені төтесінен қойып, қатаң талап еттік. Соның нәтижесінде бұған дейін болуы мүмкін еместей көрінген қортындыға яғни, органдар қылмысты тіркеу, мәселеге қатысты өз көзқарастарының түбегейлі өзгертуімен ғана емес, шешімдерді қабылдауға қол жеткізді", - деді Нұрмұханбет Исаев ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Н.Исаевтың айтуынша, бүгінде 100 арызданушының 90-ы үш күн ішінде өздерінің шағымдары бойынша қандай шешім қабылданғанын біле алатын мүмкіндік бар.

"Азаматтарды заңсыз ұстау, тінту, тұрғын үйлерді тексерулер барынша азайды. Заң бұзушылықтар азайды дей алмаймыз", - деді Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети