29 сәуір 2019 11:27

Қымбат жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тоқтатсын. Мамин студенттік жатақханалар жайлы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rodniva.by © rodniva.by

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова баяндады, сондай-ақ, жатақханалар салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқан, тәжірибелерін басқа өңірлер үлгі ете алатын Жамбыл облысының, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

ҚР Үкіметінің алдында 2022 жылға дейін 75 мың жаңа орынға арналған жаңа студенттік жатақханаларды пайдалануға беру міндеті тұр. Осы қажеттілікті шешуге қажет қаржы моделі әзірленген, ол оқу орындарының өз қаражаты немесе инвестор қаражаты есебінен жатақханаларды енгізуді және пайдалануға бергеннен кейін мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қарастырады. Кәсіпкерлер үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Банктердің пайыздық мөлшерлемесі 7 пайызға дейін төмендетіліп, құрылыс ережелері жеңілдетілді, мемлекеттік тапсырыс қаржы жағынан қамтамасыз етілді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  аралық оң қорытындыларды атап өтті. Осы жылдың соңына дейін 9 мыңнан астам орын пайдалануға берілуі керек, жоспардағысы - 5 мың орын.

"Жоғары деңгейдегі білім беру жүйесін құру үшін студенттердің тұру жағдайын жасау керек", - деді Асқар Мамин.

ҚР Үкіметінің басшысы жатақханаларды пайдалануға берудің нақты жоспарларын әзірлеп, орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Осы бағытта инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру қажет. Жатақханалар салуды бірлескен күш-жігермен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жалғастыру қажет. Бұл ретте қолда бар тетікті негізге алып жұмыс істеу керек, себебі жатақханалар құрылысына бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді.  

"Әкімдер ректорлармен және оқу орындарының басшыларымен бірлесіп, студенттер жатақханаларын салу жұмысын жандандырып, жоспарланған нысандарды уақытында тапсыруды қамтамасыз етсін, қымбат жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тоқтатсын", - деп тапсырды премьер-министр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети