04 қазан 2017 14:50

Қырғызстан Алматыда әуе апатынан қаза тапқан өз азаматтарының мүрдесін елге жеткізгісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қырғызстан Алматыда әуе апатынан қаза тапқан өз азаматтарының мүрдесін елге жеткізгісі келеді, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қырғызстан Алматыда әуе апатынан қаза тапқан өз азаматтарының мүрдесін елге жеткізгісі келеді, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қырғызстанның Алматыдағы бас консулдығының алдын ала мәліметтері бойынша, экипаж мүшелері - екі адам Қырғызстан азаматтары болған", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Ведомство мәліметінше, бұл әуе кемесінің командирі Геннадий Цой мен бортинженер Бейшенбек Акматбаев. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда қаза тапқандарды тану процесі жүріп жатыр, содан кейін оларды өз елдеріне қайтару мәселесі шешіледі. "Қазіргі уақытта екі елдің құзырлы органдары қаза тапқан екі азаматтың денесін отанына жеткізу мәселесін талқылап жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети