26 маусым 2016 18:02

Қырғызстанда магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі Ош қаласынан 120 шақырым жерде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.


Қырғызстанда магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі Ош қаласынан 120 шақырым жерде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Оқиға Астана уақыты бойынша 17.17-де болды. Оның эпицентрі Бішкектен 383 шақырымда. Зілзаланың тереңдігі - 48 шақырым.

Өз кезегінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 526 шақырымда, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай шекарасында орналасқан. Магнитудасы - 6,5. "Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Шымкент, Тараз - 3 балл, Алматы - шамамен 2 балл", -  делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети