16 қараша 2017 09:39

Қырғызстандық әйел күйеуіне шабуыл жасаған қасқырды бауыздап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik/ Олег Ласточкин © Sputnik/ Олег Ласточкин

Ыстықкөлде жергілікті тұрғын күйеуін қасқырдың шабуылынан арашалап қалды. Әйел адам қасқырды пышақпен бауыздаған, - деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан Ак-Шийрак ауылдық округінің басшысы Эрлан Асаналиевке сілтеме жасап.


Ыстықкөлде жергілікті тұрғын күйеуін қасқырдың шабуылынан арашалап қалды. Әйел адам қасқырды пышақпен бауыздаған, - деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан Ак-Шийрак ауылдық округінің басшысы Эрлан Асаналиевке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қарашада кешкі уақытта болған. Отбасылық жұп сегіз жастағы баласымен мемлекеттік қорықтағы Сарычат-Эрташском асуында қалып қойған. Мейірбек Келгенбаев көлігін жөндеп жатқанда, әйел адам жылыну үшін әкімшілік ғимаратқа кірген. 

Осы кезде сыртта жүрген ер адамның жанына қасқыр жақындаған. Қасқыр ер адамға шабуыл жасаған, алайда Мейірбек ұлыманың құлағынан ұстап, жерге жатқызып үлгерген. Айғайды естіген әйелі сыртқа шығып, қолындағы пышақпен қасқырды бауыздаған. 

Отбасының артынан Асаналиев келе жатқан. Ол асу жолына шабуыл жасалғаннан кейін үш сағаттан соң келген, зардап шеккен ер адамға алғашқы көмек көрсеткен. Таңертең ер адамды ауруханаға жеткізген. Онда құтыруға қарсы екпе салған. 


Қасқырдың шабуылынан қалған жара

Еске салайық, осындай жағдай 2015 жылы Шығыс Қазақстанда болған еді. Желдіқора ауылының тұрғыны күйеуіне шабуылдаған қасқырды өлтірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети