31 қазан 2017 | 11:06

Қырғызстанға заңсыз жолмен мұнай газын тасыған қылмыстық топ ұсталды - ҰҚК департаменті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облыстық ҰҚК департаменті мұнай газын сатып алып жүрген қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұнай шикізаттары Қырғызстанға жөнелтіліп отырған. 


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облыстық ҰҚК департаменті мұнай газын сатып алып жүрген қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұнай шикізаттары Қырғызстанға жөнелтіліп отырған. 

Жамбыл облыстық ҰҚКД жедел тергеу тобы биыл қыркүйектен бастап, тек Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген аса ірі көлемде мұнай газын тонап, Қырғызстанға жөнелтіп отырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топқа Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы компаниялар осы жүйеде жұмыс істеген. Негізі контрабандалық газ Қырғызстан арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға жіберіліп отырған", - деді ҰҚКД өкілдері. 

Мамандардың есебі бойынша, ай сайынғы залал мөлшері - 650 миллион теңге. 

"Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаментімен бірге жүргізілген шара бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) бойынша жүріп жатыр. 13 күдікті бар, оның алтауы ҚР азаматтары, олардың ұзақ уақыт бойы мұнай және газды заңсыз түрде алғанын растайтын құжаттары мен басқа да заттары тәркіленді", - деді ведомстводағылар. 

 

Сонымен қатар, осы қылмыстық топқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети