Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қытай қазақстандық армияға тегін техника береді

12 Қазан 2015, 15:04
0

Қытай қазақстандық армияға қайтарымсыз түрде техника береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Иманғали Тасмағамбетов пен ҚХР Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюаньнің кездесуі барысында белгілі болды. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштеріне қайтарымсыз түрде техникалық көмек көрсету туралы ҚР және Қытай арасындағы келісімге қол қойылды. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қытай өкілдерін Астана қаласында 2016 жылдың маусымында өтетін "КАДЕКС-2016" әскери техника мен қару-жарақтың халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. "Қытай қорғаныс өнеркәсібі кешенінің экспозициясы жоғары деңгейде ұсынылады деп үміттенемін. Бұл біздің әскери-техникалық ынтымақтастығымызға қосымша серпін береді", - деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

Айта кетейік, өзара іс-қимыл жасаудың маңызды аспектісі бірлесіп дайындалу және ассиметриялық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әлеуетті арттыру аясында тәжірибе алмасу. Қазақстан таулы даярлық, жауынгерлік жүзушілерді дайындау, қарулы күштер арнайы бөлімшелерінің қалалық жағдайлардағы әрекет етуі бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделі. Жақын арада Қытай мен Қазақстан аумағында бірлескен роталық-тактикалық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, екі елдің өзара іс-қимылында әскери білім беру саласы маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде қазақстандық әскери қызметшілер Қытайдың ұлт-азаттық армиясының әскери жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. ҚР-ның әскери қызметшілері Қытай армиясының академияларында, сондай-ақ әртүрлі мамандық бойынша даярлау курстарында білімін жетілдіру үстінде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай