23 қыркүйек 2016 18:16

Қытай Қазақстанға 10 жыл ішінде 13 миллиард долларға жуық инвестиция құйды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

2005 жылдан бастап 2015 жылға дейін Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі шеңберіндегі бизнес форум барысында "KAZNEX INVEST" АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жанғоразов мәлімдеді.


2005 жылдан бастап 2015 жылға дейін Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі шеңберіндегі бизнес форум барысында "KAZNEX INVEST" АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жанғоразов мәлімдеді.

"Қазақстан мен Қытайдың инвестициялық ынтымақтастығы соңғы кездері жылдам дамып келеді. 2005-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына Қытай инвестицияларының жалпы ағымы шамамен 13 миллиард АҚШ долларын құрады. Осы көрсеткiш бойынша Қытай Қазақстандағы ірі шетелдік инвесторлардың бестігіне кiредi", - деді Жанғоразов.

Оның айтуынша, баға жағдаятының өзгеруіне байланысты тауар айналымының төмендеуіне қарамастан өзара сауда жасауға қызығушылық артып келеді.

"Өзара сауда жүргізуге мүмкіндіктері өте көп. Қазақстан мен Қытай экономикасы  бір-бірін толықтыра алады. Қазақстанның Қытайға азық-түлік жіберуіне болады, себебі Қытайда оларды климаттық жағдайға байланысты өсіру қиын. Біз Қытайға  нақты бір компоненттерді және шикізатты жеткізе аламыз", - деді Жанғоразов.
Сондай-ақ, компания басшысы индустриялды-инвестициялық  бағдарлама аясындағы ынтымақтастықты атап өтті.

"Қазір оның құрамына  26 миллиард доллардың 51 жобасы еніп отыр. Бұл бағдарлама бойынша  екі өндіріс  іске қосылды. Бұл Павлодардағы полипропилен өндірісі зауыты мен Қостанайдағы автомобиль құрастыратын кәсіпорын. 2016 жылы тағы 4 жобаның құрылысы басталады: Астанада көлік жүйесін салу, үлкен диаметрлі құбырлар шығаратын зауыт,  өсімдік майы мен автомобильді шағын торапты құрастыру кәсіпорны. 2017 жылы тағы  3 ірі жобаның құрылысы басталады", - деп мәлімдеді Б. Жанғоразов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети