28 қыркүйек 2017 09:32

Қытай консулдығында кезек күтіп шаршағандар күзетшілерді парақор деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Алматыдағы Қытай консулдығын 2 айлап мекеменің табалдырығын аттап баса алмай жүрген қазақстандықтар бүгін де айғайға басты. Жұрт ұзын-сонар кезекке тұрғанымен, оның еш көмегі жоқ деп ашулы. Өйткені, кезекті сатып алғандар ғана ішке кіреді екен. Табан астынан ақша тауып жүргендер - сырттағы күзетшілер көрінеді. Ал, Қытай консулдығы олармен күресу үшін қазақстандық министрліктерге дейін хат жолдапты. Бірақ, ведомствалар 5 айдан бері жауап қатпаған. Енді соның кесірі қарапайым тұрғындарға тиіп жатыр, - деп хабарлады КТК телеарнасы.

"Алматы қаласындағылар, жарайды, келеді-кетеді. Жақын жер. Онда да жұмысын тастайды. Уақыты кетеді. Ал, енді Талдықорғаннан, Ұзынағаш жақтан келгендер бар. Олар қайтеді?!", - дейді Болат Шайқы.

Шын мәнінде виза үшін өзге қаладан келгендер көп. Кейбірі, тіпті, далада түнеуге мәжбүр екен.

"Далада түнеп жүрмін, қарақтарым. Ақшам да таусылды, міне. Жаны ашып, әркім алып кетеді үйіне мені", - дейді Күлпаш Ақи.

Еңкейген қария да, еңбектеген бала да мекеменің ішіне кіре алмай әбден шаршаған. Тіпті, осы жағдайдың кесірінен туған әкесінің жаназасына бара алмай жүргендер де бар.

"Менің әкем өліп қалды. Жете алмай жатырмын әкеме", - деді Гүлмира Мәмет.

Жүзден аса адам күнде таңертең өзара кезекке тұрады. Тек оның пайдасы шамалы. Айтуларынша, консулдыққа кіре берісте тұрған күзетші мен сақшыға ақша бергендер ғана ішке кіріп, құжатын реттей алады. Ал, жағдайы жоқтары осылай қала береді екен. Бірақ, кезек сатып, бизнесін дөңгелетті деп айыпталған күзетшілердің өзі мұның бәрін жоққа шығарды.

"Айлап жүр адамдар, көріп жүрміз ғой. Мен айта алмаймын ақша аламыз деп", - дейді Қытай консулдығының күзетшісі Айбол Мұңайтпасов.

"Жұмысшылардың өзі мұны жала дегенімен, Қытай консулдығы олардың жұрттан ақша алатынын растады. Өйткені, мұндай жағдай бұрын да тіркелген. Сөйтіп, күзетшілер бірнеше рет ауыстырылыпты. Бірақ, бірінің айласы бірінікінен асып түсуде. Әйтпесе, мына ғимараттың ішіндегі жұмыс қалыпты жүріп жатыр. Қараша халық тұрмақ, пайдақор күзетшіден консулдықтың өзі шаршаған. Сондықтан, мамырда Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің Алматыдағы өкілдеріне хат жолдапты. Онда жұрттан ақша жинап, оңай пайданы көздеген азаматтармен күресуді өтінген. Алайда, 5 айға жуық уақыт өтсе де қос ведомства үнсіз. Әзірге консулдық олардан жауап күтіп отыр. Бүгін біз де қос министрліктен тұщымды жауап ала алмадық", - дейді телеарна тілшілері (КТК).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети