15 қаңтар 2020 16:48

Қытай тілінде жазбасы бар көгершіндердің құпиясы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/s.dildakhmet © facebook.com/s.dildakhmet

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында қытай тілінде жазбасы бар көгершіндердің пайда болуын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері түсіндірді. Осындай ақпараттың пайда болуына байланысты Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында қытай тілінде жазбасы бар көгершіндердің пайда болуын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері түсіндірді. Осындай ақпараттың пайда болуына байланысты Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Былтыр қазан-қараша айларында ШҚО-ның Катон-Қарағай ауданының жұртшылығы қанаттары мен құйрықтарындағы қызыл иероглифтері бар көгершіндер пайда болғаны айтылды. 

"Анда, мұнда, Ақсу қаласынан Өрелге дейін жергілікті тұрғындар осындай құстарды байқаған. Кейбір тұрғындар бұған аса назар аудармаған, ал кейбіреулері аудандағы жалғыз ғылыми және табиғат қорғау мекемесіне - Катон-Қарағай ұлттық паркінен түсіндіріп беруін сұраған. Мамандар осы көгершіндерге қатысты қоғамды толғандыратынын дер кезінде аңғарып тынышталдыруға тырысқан, олардың шығу тегін түсіндіруге тырысқан, өйткені бұл біз үшін жаңалық емес. Мұндай көгершіндерді ұлттық парк қызметкерлері 2015 жылдан бастап байқап, зерттеді, тіпті олардың тапқан жаңалығы бойынша бірнеше ғылыми мақалаларды жариялады, онда осы мәселені терең зерттеуге тырысқан", - деді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, төрт жыл бұрын Бекалқа ауылының тұрғындары өлі көгершінді тапқан. Құстың сол аяғында алты таңбалы нөмірі бар қара пластикалық сақина және смартфон арқылы ақпаратты оқуға арналған голограмма болған. Ал оң аяғында, Ділдахметтің мәліметінше, ұялы байланыс форматында жұмыс істейтін электронды толтырмасы бар шағын пластмасса трансмиттер болған. Ол көгершіннің қанаттары "жазуларды қызыл иероглифтермен әшекейлегенін" айтты. 

"Бұдан әрі Аққайнар (Черновой) және Жазабы (Язовой) елді-мекендерінен осындай құстары көріне бастады. Ұшып жүрген көгершіндер ауладағы тауықтарды жемін қорек ету үшін тоқтайтын болған. Олар қолға үйретілген, адамдардан қорықпайтын. Құстардың шын мәнінде маңызды ақпарат тасымалдаушы екені анықталды", - деп жазды комитет баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Оның айтуынша, ақпарат құпия емес, спорттық болды. Ол 90-шы жылдары әлемде "тыныш әрі көрінбейтін көгершін спорты және көгершін тотализаторлар бизнесс индустриясы пайда болғанын және қарқынды дамып, одан үлкен ақша табуға болады екен. 

"Осындай елдердің бірі біздің көршіміз - Қытай. Қытайдың көгершін ұстаушылары спорттық көгершіндерді өсіріп, жарыстарға қатысып тұратын болған. 1984 жылы Қытайлық көгершін жарыс қауымдастығы құрылды. 1990 жылдан кейін бүкіл ел бойынша бір питомниктен ұшып келу жылдамдығына арналған жалпы көгершіндік жарыстар өткізіле бастады", - деп толықтырды Ділдахмет.

Оның мәліметіше, 2000 жылы Пекинде және басқа да үлкен қалаларда "Жарыс көгершіндер клубы" пайда бола бастаған. Елде жаппай спорттық науқан басталып, көгершіндер жарысы "эмоциялық және қызықты мерекеге" айналды. Қытайда бірнеше ондаған мың көгершіндер жарысатын алаңдар бар.

"Көгершіндер жарысында арнайы жабдықтар шығаруды ынталандырды. Құстың кеңістіктегі нақты орналасқан жерін анықтайтын және осы деректерді иесінің смартфонына тікелей интернет-трансляциялау - ақпарат беруді жүзеге асыратын шағын навигаторлар (GPS) үшін электрон сканерлеу функциясы бар сақиналар, микрочиптер, сканерлер өндірісі басталды", - деді ведомство өкілі. 

Ол көгершіндердің спорттық тұқымдарын өсірумен арнайы көгершін фермалары айналысатынын айтты. Ділдахметтің мәліметінше, олардың бірі Үрімжіде орналасқан және оның құстары ара-тұра Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекаралас аймақтарына ұшып келеді. Хабарламада айтылғандай, питомникте көгершіндер спорттық жарыстарға қатысу үшін жаттығып, софтты қоса алғанда, тиісті электрондық жабдықтармен бірге сатылады.

"Көгершін осы фирмалар ұйымдастыратын тотализаторларға қатысады. Олардың бірі "миллионға жүгіру" деп аталатын Бейжіңде орналасқан және жарыс кезінде әр үш минут сайын бес мың көгершіннің ұшуына дейін тіркейді. Сонымен қатар, иелері өз көгершініне ұтыс жасап, смартфонға ол туралы, оның ішінде старт уақыты, жылдамдығы, қашықтық және келу уақыты туралы ақпарат алып отырады", - деп мәлімдеді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, микрочиптер мен голограммалар бар жұмбақ сақиналар жарыстарға қатысатын көгершіндердің жеке мәліметтері бар екен. 

"Катон-Қарағай ауылдарының бірінде өткен жылы қолға түскен көгершіннің бірінің қанатындағы символдар мынаны білдіреді. Алғашқы екі жазба жарыстың бірінші және екінші кезеңдерінің куәсі болды. Үшінші "патриотизм кубогы", "елді сүю" ұғымдары мен Үрімжі қаласында спорттық көгершіндерді әуесқойлар клубы өткізген жарыстың атауы болды. Ал биыл Барлықта ұсталған көгершіндер де бірнеше иероглифтер "алыс ұшақты" және "ұзақ өмір сүруші" ретінде қанатына жазылған. Сақинада аяқтардың бірінде "спорттық көгершін" және оның лақап аты жазылған", - деп түсіндірді маман.

Сәкен Ділдахмет көгершіндердің едәуір ұшуының феномені және олардың Қытайдан алыс жерде пайда болуы" әзірше түсініксіз екенін айтты. Болжам бойынша, мамандар оны ауа райы жағдайларымен байланыстырады. Мысалы, негізгі бағыттан адасуға қатты жел себеп болуы мүмкін. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети