03 қыркүйек 2019 13:59

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша сот отырысы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гуанчжоу сотында есірткі заттары контрабандасымен айналысты деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың қайта жолданған қылмыстық істің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап. 

Тергеу барысында қорғаушы тарап ұсынған іс материалдары тексерілді. Отырысқа қорғау тарабы, Қытайдағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты.

Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдай қанағаттанарлық, ол шешіміне берік. Өздігінен қытай тілінде жауап берді. Үкім шығару уақыты ашық қалды", - деді Нұрмағамбетов.

Сот отырысы екі сағатқа созылған.

Еске салайық, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети