Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қытайда болған жол апатынан зардап шеккен 10 қазақстандық ауруханада жатыр

07 Сәуір 2015, 19:02
0
©Ves.lv
©Ves.lv

Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Зимунай ауылының маңында болған жол апатынан зардап шеккен 10 қазақстандық ауруханада жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Tengrinews.kz  тілшісіне хабарлады.

Ведомство өкілдері дипломаттардың Қазақстан азаматтарының жағдайын жіті бақылауда ұстап отырғанын айтты. Қазіргі уақытта зардап шеккендермен, Зимунай қаласының атқарушы органдарының жергілікті өкілдерімен, сонымен қатар көлік компаниясының басшылығымен байланыс орнатылған.  

"Зардап шеккендердің туыстарына қытайлық визаларды рәсімдеуге қолғабыс еттік. Зимунай қаласының ауруханасында Қазақстанның 8 азаматы жатыр, Үрімшінің медициналық мекемелерінде 2 қазақстандық. Жол-көлік оқиғасынан кейін үш қазақстандық отанға оралды. Бүгінге дейін 9 сәуір аралығында Қазақстанға 7 азаматты тасымалдау жоспарланып отыр. Қытай дәрігерлерінің айтуынша, әзірше бір қазақстандыққа жолға шығуға болмайды", - деді Әбибуллаев.

Сонымен қатар, ол ақпарат құралдарының жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көлік компаниясы мен Қытайдың шекара қызметі тарапынан қысым түсіріліп отырғаны жайлы хабарына түсінік берді. "Біз көлік компаниясының басшылығымен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен сөйлестік. Біздің азаматтарымызға көлік компаниясы мен Қытайдың шекара қызметінің тарапынан қысым көрсетілді делінген ақпарат расталған жоқ", - деді ол.  

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының паспорттарын 15 наурызда жол-көлік оқиғасы туралы хаттаманы толтыру мақсатында және Қытай визаларының мерзімін ұзарту үшін жол-көлік полициясы мен көші-қон полициясы тәркілеген. Ресми процедуралар жасалғаннан кейін паспорттар иелеріне қайтарылды. Әбибуллаевтың айтуынша, оларға қандай да бір қысым түсірілген жағдайда қазақстандықтар еліміздегі дипломаттарға дереу хабарлайды. 

"Айтқым келгені, зардап шеккендерді Қазақстанға тасымалдау жол-көлік оқиғасына кінәлі көлік компаниясының есебінен болады. Медициналық шығындарды, оның ішінде емделуге, ота жасатуға, олардың туыстарының мекендеуіне және оларды тамақтандыруға жұмсалатын қаражатты көлік компаниясы өтейді", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Еске салайық, 13 наурызда Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Зимунай ауылының маңында Қазақстан азаматтары бар автобус жол-көлік оқиғасына түскен еді. Жол апатының салдарынан екі қазақстандық қаза тауып, 19 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай